«Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару» тақырыбында семинар

2019 жылдың 21 ақпанында «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де Ұлттық архив қорының жинақтау көздері болып табылатын 46 мекеменің 56 маманының қатысуымен «Ұлттық архив қоры және архивтер» туралы 1998 жылғы №326-1 Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі №430 қаулысымен бекітілген «Электрондық құжат айналымы ережесiн», архив саласы бойынша жаңадан келіп түскен нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, «Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың іс жүргізуіндегі және ведомстволық архивтеріндегі құжаттардың дұрыс сақталу тәртібімен, құжаттама жасау, құжаттарды дайындау мен рәсімдеу, құжаттаманы басқару, құжаттарды тіркеу тәртібімен, құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптармен таныстырылды. Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару, істер номенклатурасын жасау тәртібі слайд арқылы көрсетіліп, түсіндірілді. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */