ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

image_pdfimage_print

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында ҚБЭА АЖ бойынша жиын болды. Жиынға облыстық, қалалық және аудандық архив мамандары қатысты. Жиын барысында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Айгүл Мадешқызы Кисикова жиынның маңыздылығын, архив саласындағы электронды архивке көшу барысындағы жаңашылдықты атап көрсетті. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің маманы Ержан Әбілтаев электронды цифрлы форматқа көшірілген құжаттарды ҚБЭА АЖ енгізу тәртібіне түсіндірме жүргізді.

You may also like...