ҚАРЛАГТАҒЫ 5 ЖЫЛ

image_pdfimage_print

Отан үшін жан аямай еңбек еткендердің бірі- Дариға Жантоқова еді. Оның өмір жолын оқығанда бір дәуірдің оқиғалары көз алдыңа келеді. Өткен ғасырдағы колхоздастыру, аштық, соғыс, саяси қуғын-сүргін кезеңдерінің бәрін басынан кешірді.

«Қызыл Жұлдыз» ауылының еңбеккері, Социалистік Еңбек Ерінің облыстық архивтегі құжаттарын ақтарғанда кеңестік кезеңдегі адамдарға мінездеме оның еңбек көрсеткіштерімен белгіленгенін аңғарасыз. Соғыстан кейін ел еңсесі езілген шақта еңбегімен еленгендерді көптеп марапаттады. 1947 жылы қызылша өсіруден жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгендері үшін «Қызыл Жұлдыз» колхозының еңбеккерлері мемлекеттік наградаларға ие болды. Алайда сонымен қатар, қай салада болмасын елі құрметтеген азаматтардан кемшілктер тауып түрмелерге тоғыту науқаны да қатар жүрді. Партияның тырнағына Дариға Жантоқовада ілікті. Алдымен Дариғаның куәліктері, Алтын жұлдызы, үш Ленин орденін алды. Партиядан шығарып, 1953 жылы қамалды. Партияны, Отаныңды алдадың, ағаң фашист тұтқынында болған деген айыптар тағылды.


«Жоғарғы сот» оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Карлагта бес жыл жапа шегіп, қорлық көрді. 1958 жылы 2 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы соты Төралқасының қаулысы бойынша Дариға Жантоқованың қылмысы дәлелденбегендіктен қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 1953 жылғы шешімін бұзу туралы қаулыдан кейін шындық салтанат құрып, ақыры бостандыққа шығады.

You may also like...