Ұлттық архив қоры және архивтер туралы

image_pdfimage_print

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде  2019 жылдың 21 ақпанында «Құжаттардың сақталуын қамтамассыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу» бөлімі – «Ұлттық архив қоры  және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекетік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын» басшылыққа ала отырып,  құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау, мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жұмыс түрлері  – негізгі міндеттері болып табылады.

Сондай-ақ Мәдени құндылықтарға жататын Ұлттық архив қорының зақымдалған құжаттарын есептен шығаруға және жоюға жол берілмейді. Әрбір архивтік құжаттардың ақау себептері байқалған уақыттан бастап, тез арада ішінара қалпына келтіру мүмкіндігін жасауға тура келеді.

Осыған орай, әрбір құжаттардың физикалық жай-күйі қанағаттанғысыз жағдайын анықтау үшін тексеру жұмыстары, бүліну деңгейін жою мақсатында қалпына келтіру, ескі қораптарын жаңа қораптармен алмастыру, жаңа қораптарға жапсырмалар жапсырылу, шаң-тозаңнан арылту жұмыстары атқарылуда.

You may also like...