Ұлы Отан соғысының ардагері Мұсахан Бердібайұлы

75 жыл-75 дерек: Ұлы Отан соғысының ардагері Мұсахан Бердібайұлы

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында облыстық архив тарапынан сұрапыл соғыс жылдарын баян ететін айдар ашылған болатын. Облысымыздан 100 мыңнан аса азамат майданға аттанып, көбісі оралмады. Аман-сау кайтқандары еңбектің майданына араласты. Соның бірі Ұлы Отан соғысының ардагері Мұсахан Бердібайұлының отты жылдардағы басынан кешкенін баяндауда.