Облыстық архивте бөлімдер арасында өзара тәжірбие алмасу, заңдарды қолдану аясын кеңейту мақсатында кезекті семинар -сабақ өткізілді. Семинар тақырыбы – Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау тәртібі жөнінде өтті.
Сонымен қатар, семинар барысында Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері ұйымдарда бланкілердің дұрыс рәсімделуін, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізуді және жетілдіруді, әдістемелік басшылық жасауды және архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген құжаттармен жұмыс істеу тәртібінің сақталуын бақылауды басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру туралы түсіндірді.