Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналған. Бұл күні ел аумағында қазақстандық авторлар, суретшілер, мүсіншілер туындыларының тұсаукесерлері ұйымдастырылады.
![🔵](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/tef/1/16/1f535.png)
Қазақ мәдениетінің түп негізі гуманистік идеялардан туындайтын болғандықтан, ол қоғамды жалпыадамзаттық құндылықтар аясында біріктіруші күш бола алады. Оның ішінде, өзгені түсінуге ұмтылу, өзара көмек пен ынтымаққа негізделген қарым-қатынас қағидалары халықты біртұтас ұлтқа айналдыруда аса маңызды.
![📍](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t2d/1/16/1f4cd.png)
Сондықтан 16 наурыз тақырыбы азаматтарға ата-бабамыздың рухани-практикалық және мәдени тәжірибесін еске түсіріп, одан сабақ алуға мүмкіндік береді.