9-мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасымен бірлесе облыстық архив мекемесі «БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Іс шараға кітапхана, архив қызметкерлері, Жамбыл медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Жас ұрпаққа облыстық архивтің архивисті, журналист Ә.Баққараұлы, бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы “Ұлы Отан соғысы кезіндегі Жамбыл облысы” тақырыбында архивтік деректерімен бөлісті.
Жамбылдық майдангерлердің ерлігі, жүріп өткен жолы туралы танымдық ойлар айтылып, жастарды кітап оқуға шақырды.