АҚИҚАТТЫ АРХИВ ҚАНА АЙҒАҚТАЙДЫ…

Мұрағат –халық мұрасы,
Теңіздей терең сыры мол…

“Жамбыл облысы мемлекеттік архиві” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бес бөлім қызмет атқарады. Атап айтсақ, Ұйымдастыру, Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі, Құжаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімі, Ғылыми анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімі, Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімі және Ақпараттық технологиялар бөлімі.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Солардың ішінде Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің негізгі міндеттері – тарихи құжаттарды сараптап, оларды толықтырып жариялауға, көпшіліктің пайдалануына ұсыну. Архив қорының құжаттарына түрлі еліміздің және өңірдің тарихына байланысты құжаттарды топтап, маңызына қарай жүйелейді. Осы бағытта мәдени және ғылыми мекемелерімен, мемлекеттік архивтермен және басқа да мүдделілік танытатын ұйымдармен бірге іс-шараларды ұйымдастырады. Анықтамалар, ақпараттар, баяндамалар, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар, сілтемелер дайындайды. Архив құжаттары негізінде тақырыптық көрмелер әзірлейді. Архивтің оқу залында зерттеушілердің құжаттармен жұмыс жасауын үйлестіреді.Архив қоры бойынша тақырыптық шолулар, жөнсілтерлер, анықтамалықтар, ғылыми-көпшілік кітаптар, архив құжаттарының жинақтарын шығаруды жүзеге асыруда. Жарыққа шыққан мақалаларды және әлеуметтік желіге дайындалатын шағын хабарларды қоспағанның өзінде 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін архив қоры негізінде 20-ға жуық кітап, оншақты кітапшалар мен жөнсілтер шығарылды.

Архив қызметкерлері тарихи деректерге ғалымдар мен журналистердің, жазушылар мен тарихшылардың, студенттер мен оқушылардың назарын аударуға бағытталған дөңгелек үстел басында әңгімелер өткізіп, ғылыми конференциялар ұйымдастыруды негізгі міндетіне айналдырды. Соның нәтижесінде архив құжаттарын пайдаланушылар қатары жылдан жылға көбеюде. Облыстық мемлекеттік архивте тәжірибе жинақтауға Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері жиі келетін болды. Қазір әр жылы атқарылатын жұмыс жүйеленіп, жоспарлануда.