АБАЙ ҰЛТТЫҢ ӨРІСІН ҰЗАРТТЫ

Дала ойшылы, кемеңгер Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай елімізде іс-шаралар легі басталып кетті. Абай мұралары мәңгілік. Өйткені ақынның ұлттың өрісін ұзартуды көксеген ойлары, құнды пікірлері бүгінгі заманмен де үндеседі. Қазақ халқының келешегін ойлаған ойшыл ақын артына мол мұра қалдырды. Жамбыл облыстық архивінде сақталған облыстық «Сталиндік жол» газетінің сарғайған беттерінде ұлы Абайдың туғанына 100 жыл толуы қарсаңында жазушы Мұхтар Әуезов пен әдебиетші Бейсенбай Кенжебаевтың «Абай- қазақ халқының ұлы ақыны» атты көлемді дүниесі басылған нөмірі сақталған. Біз осынау құнды дүниені оқырмандар қаперіне салуды жөн санадық.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Абай мұраларын зерттеуші қос тұлғаның бірлесіп жазған бұл дүниесі Абайдың ұлттың өрісін ұзартудағы терең ойларын жаңа қырынан танытқан.
«…Абай қазақ елінің дәл бүгінгідей ерікті, берекелі, бірлікті, күшті, мәдениетті, бай, бақытты ел болуын көкседі.
Берекелі болса ел,
Жағасы жайлау ол бір көл,
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды, соқса жел.
Жан-жағынан күркіреп
Құйып жатса аққан сел,
Оның малы өзгеден,
Өзгеше боп өсер төл,- деп тіледі.
Абай қазақтың әрбір ұлы, қызының еркі, бостандығы үшін ой-санасын жетілдіру, ержеткізу үшін күресті. Оларды халқын сүюге, халқы үшін, адам баласы үшін қызмет етуге шақырды, адамгершілікке баулады.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Осыны біл. Талап қыл, өнер, кәсіп ізде,
Қайғы келсе қарсы тұр, қулай берме,
Қызық келсе, қызығып, оған да ерме,
Жүрегіне сүңгі де, түбін кез де,
Бұдан тапқан шын асыл тастай көрме,- деп ақын айтып, қайрап, жігерлендірді.»
Негізі: Жамбыл облысы мемлекеттік архиві.
Облыстық «Сталиндік жол» газеті, 1945 жыл (22 май, №99)