ӘДЕБИ ЖҮЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

image_pdfimage_print
🔹Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үздік қазақстандық және өлкелік шағармаларды өңір тұрғындары арасында кеңінен таныту, кітап оқуды ілгерлету, жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығы мен олардың туындыларын жастар арасында насихаттау, кітапхана имиджін жоғарлату, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында еліміздің руханиятын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, талантты жазушы, қаламы қарымды журналист Көсемәлі Сәттібайұлының қатысуымен кітап пен оқуды қолдап, ілгерлетуге бағытталған «Жазушымен бір күн» облыстық акциясы аясында «Бейнелі сөз, бедерлі ой» тақырыбында әдеби жүздесу ұйымдастырды.
🔹Келелі кездесуде шығармашылық пен журналистика саласының тізгінін қатар ұстап, әдебиет айдынында еркін құлаш сермеп келе жатқан қаламгердің қазақ әдебиеті мен журналистикасына сіңірген еңбегі, ұстаздары мен шәкірттері, балалар прозасының миссиясы, шығармашылық ізденістер мен шынайы кейіпкерлер жайында ой қозғалды.
🔹Әдеби жүздесуге қатысқан филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Оразғалиұлы жазушының әңгімелерінің құрылымын талдаса, Қазақстан Жазушылар мен Журналистика одағының мүшесі, журналистика мен ақындықты қатар алып жүрген қаламгер, сатира саңлағы Бақытжан Советұлы қаламгер шығармаларының өзектілігіне тоқталып, «Бүгінгі күннің Бейімбет Майлині» деген баға берді.

You may also like...