ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

image_pdfimage_print

«Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру» бөлімінің басшысы Арслан Қыстаубай Сарысу ауданының мемлекеттік архивіне іс-сапарға барды. Аудандық архивте Microbox Book2Net Kiosk планеталық сканерінен өткізіп жатқан .jpg форматындағы соңғы істеліп жатқан өлшем бірліктерінің сапасын, ережеге сәйкестігін тексеріп, қосымша жасалатын профилактикаларын көрсетіп, есеп тапсыратын формаларды айғақтап, хаттамаларды, техникалық қателер туралы актілерді қалай жасалатынын түсіндірді. Интернет және IP VPN желілерінің жылдамдықтарын тексерді. Жүйелік блокқа және Windows-дың өзіне жасалатын профилактика мен процедураларды көрсетті. Сонымен қатар, оргтехникаларды және арнайы сканерлерді тексеріп, жасалатын профилактикалық жұмыстарын көрсете кетті.

 

 

You may also like...