Ар тазалығы – ұлт қауіпсіздігінің кепілі

2019 жылдың 25-сәуірінде Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың қорытындылар мен ұсыныстарды талқылау жөнінде облыстық бірыңғай сағаты өткізілді. Архив ұжымының бұл бас қосуында директоры Қалдыкүл Башенова сөз сөйлеп, әр азамат еңбегіне адал болуы керектігін жеткізді. Адалдық – тазалық. Ал ар тазалығы – күллі қоғамның, мемлекеттің бейбіт өмір сүруінің кепілі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та үнемі ескертіп, арнайы бағдарламалар жасағаны да белгілі. Соның бірі аталмыш Ұлттық баяндама. Ұлттық баяндамада 2018 жыл қорытындысы бойынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігіне кешенді талдау және оны жетілдіру бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық ұсыныстары қамтылғаны туралы айтылған. Ондағы мәселелерді архив ұжымы бір ауыздан қолдап, үнемі назарда ұстайтындықтарын жеткізді.