Архив қазынасын зерттеушілер

image_pdfimage_print

Архив – тарих шежірешісі. Онда түрлі кезеңдердің айғағы болған құнды құжаттар көп. Ауыз екі айту немесе «пәленше айтыптының» дәйегімен деректі тарих құру қиын. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында «Архив-2025» бағдарламасын құрып, архивтерде сақталған тарихымызды түгендеуді тапсырған.

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қойнауындағы қазынасымен танысуға, оны зерттеп, зерделеуге бүгін Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты, ардагер ұстаз Тұңғышбек Сейсенұлы Байқұлов келді. Тұңғышбек ағамыз облыстық архивтің құжаттарымен бұрындары да жұмыс жасаған. Бүгінгі зерттеу тақырыбы – Алаш қозғалысы. Әулиеата жерінен Алашқа мүше болған Мұстафа Бұралқиевтің есімі бәрімізге де белгілі. Ол жайында бұрындары архив қызметкерлері мақала да жазған. Мұстафаның әкесі Бұралқы болыстың 1928 жылы тәркілеуге ұшырау туралы архив деректері негізінде «Конфискация» атты кітап та жарық көрді. Сондықтан да бұл тақырыпта Тұңғышбек ағамыз бен архив ардагері Мақұлбек Рысдәулет сұхбаттасып, ақпарат алмасты.

You may also like...