АРХИВ-2025» БАҒАНАЛЫ БАҒЫТ

image_pdfimage_print

ЕЛБАСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА
«АРХИВ-2025» БАҒАНАЛЫ БАҒЫТ» – АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ!

Талас ауданы, Қаратау қаласы, «Дарын – Балалар өнер» мектебінде Талас ауданының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «архив – 2025» Бағыналы бағыт» – атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Архив ісінің дамуындағы траекториялар, бүгінгі архивті цифрландыру дәуірі және архивтің мемлекеттік қызметіндегі маңызы конференцияның негізгі бағыттары болып табылады. Конференцияның басталар алдында жалпы архив туралы қысқаша бейнеролик көрсетілді.

Аудандық архив мекемесінің бүгінгі таңда атқарылып отырған жұмыстарына байланысты архив қорындағы аса құнды тарихи құжаттарды жалпылама халыққа көрсету мақсатында Талас ауданы, Қаратау қаласы, «Дарын – Балалар өнер» мектебінде көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Жамбыл, Сарысу, Талас аудандарының архив мекемелерінің қорындағы аса құнды тарихи құжаттары, кітапшалары мен фотоальбомдары қойылып, таныстырылды.

Аталған конференцияны Талас ауданының әкімінің орынбасары К.Садубаев ашып, іс-шараның маңыздылығын айтты.

Арнайы айтулы іс-шара барысында қатысушылар мен ұйымдастырушыларға Талас ауданының әкімі Д.Алиевтің және ҚР Ұлттық архивінің директоры А.Жоламановтың архившілерге зор денсаулық, отбасы амандығы, ел архивін жасаудағы еңбектерге толайым табыс және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «архив – 2025» Бағыналы бағыт» – атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына сәттілік тілеген хаттары таныстырылды.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы А.Кисикова сөз алып, конференцияның қатысушыларға маңызды екенін атап өтті.

Ары қарай архив саласының ардагері, журналист – С.Досымбеков, Шу ауданының мемлекеттік архивінің директоры – Е.Расилов, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры – Қ.Башенова және Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің бөлім басшысы – Н.Қожамарова «Архив-2025» бағдарламасы бойынша өз баяндамаларын оқып, интерактивті тақта (слайд) түрінде де көрсетті.

Өз кезегінде аудандық архив мекемесінің архившісі З.Шекербек мекемеде мемлекеттік қызметтің бір түрі ғана көсетілетінін, ол- «Архивтік анықтама» немесе «Архивтік көшірме» екендігін, «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін, халыққа, жеке және заңды тұлғаларға, компанияларға, кәсіпкерлерге де қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін ортақ жүйе екендігін және т.б. қызметтер бойынша қатысушыларға түсіндіріп, қосымша интерактивті тақта (слайд) түрінде де көрсетті.

Іс-шараны Талас ауданының мемлекеттік архивінің директоры – А.Мұхтаров қорытындылап, қатысушыларға рахмет айтып жұмыстарына табыс тіледі.

Конференцияға қатысушы қонақтар Талас аудандық тарихи-өлкетану музейіне және аудандық кітапханаға экскурсияға барды.

You may also like...