«АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

image_pdfimage_print
«АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын жақсы білеміз. Ол балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтіп, балалардың әл-ауқаты мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі болып табылатынын атап өтті.
Мәдениет және спорт Министрлігінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жобасы басталды.
Бұл жобаның мақсаты архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге балаларды кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Ата-бабалар тарихын, салт-дәстүрді зерттеуге тарту, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығы мен қызығушылықты арттыру, өскелең ұрапқты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.
Бүгінгі жиынға өлкетанушы, ардагер ұстаз, Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы Әлі Бекқұлы, Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 орта мектептің 8-9 сынып оқушылары, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С.Мәдиева, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен оқушыларға қоймада сақтаулы құжаттарымен таныстырып, мәжіліс залына дайындалған облыстық архивте сақтаулы Әулиеата уездік, аудандық, атқару комитеті, Жамбыл облыстық атқару комитеті, партия құжаттары арасынан алынған 1917-1918 жылдар аралығындағы Әулиеата өңірін жайлаған аштық кезеңдеріне қатысты архивтік құжаттар, 1928 жылғы Меркі, Әулиеата аудандарынан тәркіленген байлардың тізімі, 1930-1933 жылдар аралығындағы нан, ет дайындау науқандары, 1941-1946 ж.ж. Жамбыл жеріне эвакуацияланған азаматтар жөнінде көрме ұсынылды. Өлкетанушы, ардагер ұстаз Әлі Бекқұлының соғыс тақырыбындағы әңгімесін тыңдап, оқушылар өздерін қызықтыратын тақырыпта сұрақтар қойылды.
Жиын соңында архив құжаттарына негізделіп жазылған «Әулиеата өңірі-архив құжаттарында» атты мақалалар жинағының тұсаукесер салтанаты өтті.

           

You may also like...