АРХИВШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТ

image_pdfimage_print
      Осыдан жиырма үш жыл бұрын, 1998 жылы 22-желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат туралы» Заңы қабылданған. Бұл шын мәнінде Қазақстанның жаңа келбеттегі архив жұмысын қалыптастыруға және дамытуға негіз қалады әрі 22-желтоқсан архившілердің кәсіби мерекесі болып белгіленді.
      Осыған орай Руханият және тарихтану орталығының Мәжіліс залында жиын болып өтті. Жиында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы Мадиева баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Іс-шара соңында басқарма басшысы бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Оның ішінде облыстық архивтің архившісі Ф.Медеубаева, М.Исабекова Алғыс хатпен, бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы Құрмет грамотасымен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған