1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.

Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.




МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАЦИЯСЫ

📌 Бүгін мекемемізде қызметкерлердің кәсіби біліктілігін бағалау мақсатында аттестациялау рәсімі өтті. Бұл процесс әр қызметкердің атқарып жатқан міндетіне сәйкестігін анықтап, болашақтағы кәсіби даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Аттестация ашық, әділ және талапқа сай түрде ұйымдастырылып, қызметкерлер өз білімдері мен тәжірибесін ортаға салды.
📌 Мекеме басшылығы барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, кәсіби шеберлікті арттыру жолындағы еңбектеріне жоғары баға берді.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ЖӘНЕ КЕҢЕС КӨРСЕТІЛДІ

 ⚜️Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы іс жүргізу, архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ЖӘНЕ КЕҢЕС КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы», «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Казгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалы» іс жүргізу, архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.
#архив2025



БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

⚜️ «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратын, атқаратын қызметімен танысу мақсатында басқарма басшысы Шалқар Болатұлы Амантұров архивке ат басын бұрып, сала мамандарымен танысты.
📌Мекеме директоры Л.Кожаханова және бөлім басшылары ақпаратты технология бөлімінің құжаттарды сканерлеу, желілік қойма қызметімен, құжаттарды сақтайтын қоймалармен және құжаттарды есепке алу бөлімінің қызметін түсіндірді.
#архив2025




🔱 “ЕРЕН ЕРЛІКИЕЛЕРІНЕЛ ЕСКЕРЕР” АТТЫ МАҚАЛА ЖАРЫҚ КӨРДІ.

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толуына орай “АРАЙ” газетінің №28 (1176) (16.04.2025 ж.) санына облыстық архивтің архивисті Ә.Баққараұлының “ЕРЕН ЕРЛІКИЕЛЕРІНЕЛ ЕСКЕРЕР” атты мақаласы жарық көрді.
#архив2025



⚜️ Хабарландыру!

⚜️ 2025 жылдың 10 сәуірінен бастап Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына Жуматаева Ляззат Бахтыбаевна, бас қор сақтаушы лауазымына Кузенбаева Ляззат Елтаевна тағайындалды.
#архив2025