ҚОРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Комиссия мүшелері №9 қор Әулиеата аудандық кәсіби кеңестің құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді.



“САЛАНЫҢ СЕРПІНДІ ДАМУЫНА ШОЛУ” АТТЫ МАҚАЛА ЖАРЫҚ КӨРДІ.

Республика көлемінде шығарылатын “Құжат айналымы мәселелері” атты журналдың №6 санына мекеме директоры Л.Кожаханованың облыстық архивтің тарихы, атқаратын қызметінен хабар беретін “САЛАНЫҢ СЕРПІНДІ ДАМУЫНА ШОЛУ” атты мақаласы жарық көрді.
#архив2025



«ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Қазіргі қоғамдағы қауіпті күшке ие ол террористік және экстремистік іс-әрекеттер. Ол бейбіт өмірдің тыныштығын бұзып қана қоймай, мемлекетке де зиянын тигізеді.
Осындай террористік актілер, зорлық-зомбылық, діни алауыздық пен қайшылық, түсінбеушілік пен адасушылықтан, экстремистік іс-әрекеттерден сақтану мақсатында мекемеге «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы Атамқұлов Батырбек Керімбайұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
#архив2025



ҚОРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Комиссия мүшелері облыстық архив сақтауындағы №8 Әулиеата аудандық қаржы бөлімінің құжаттарына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
#архив2025



«Е-ЗАҢ КӨМЕГІ» ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Бүгінгі таңда, азаматтардың заң көмегін көрсету үшін жүгіну үрдісі оны алу құралдарына оңай және уақтылы қол жеткізуді талап етеді.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының (бұдан әрі – заң) 24-бабына сәйкес заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) болып табылады.
АЖ заң көмегін көрсететін тұлғалар үшін де, оны алатын азаматтар үшін де функционалдылықтың үлкен спектрін қамтиды.
Мысалы, АЖ кез-келген пайдаланушыға, соның ішінде iOS және Android платформаларында қол жетімді қосымша арқылы өмірлік жағдайларды шешу үшін заңды қоғамдастыққа құқықтық сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Заңның 26-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар үшін онлайн, оның ішінде мобильді қосымша арқылы құқықтық кеңес алу функционалы көзделген (бұл ретте АЖ кейбір тармақтары бойынша азаматтың ХӘОТ тиісті санатына жататынын автоматты түрде айқындайды).



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жамбыл облысының Әділет департаменті» РММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ, Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы КММ, «Қазпошта» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалы, «Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы» филиалы ШЖҚ РММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МКҚК іс жүргізу, архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.




«ПАРАСЫЗ ҚОҒАМҒА ҚОСЫЛАЙЫҚ»

Облыстық мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы – Ажибаев Айбектің қатысуымен архив қызметкері арасында дөңгелек үстел өткізілді.
📌Департаменттің бас маманы А.Ажибаев жемқорлықпен күресудің жолдарын түсіндірді. Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті нұсқама бойынша әрекет етудің жолын айтып, мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды.
📌Сонымен қатар бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз ойымен бөлісті.
#архив2025