ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ЖӘНЕ КЕҢЕС КӨРСЕТІЛДІ

азақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы филиалы», «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы», «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» іс жүргізу, архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



🔱”БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН”

9-мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасымен бірлесе облыстық архив мекемесі «БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
✒️Іс шараға кітапхана, архив қызметкерлері, Жамбыл медициналық колледжінің студенттері қатысты.
💫Жас ұрпаққа облыстық архивтің архивисті, журналист Ә.Баққараұлы, бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы “Ұлы Отан соғысы кезіндегі Жамбыл облысы” тақырыбында архивтік деректерімен бөлісті.
📎Жамбылдық майдангерлердің ерлігі, жүріп өткен жолы туралы танымдық ойлар айтылып, жастарды кітап оқуға шақырды.



«ҰЛЫ ЖЕҢІС ІЗІМЕН: ЖАЗУШЫ-ЖАУЫНГЕР ЕСТЕЛІКТЕРІ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл толып отыр. Облыстық архив мереке қарсаңында даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «ҰЛЫ ЖЕҢІС ІЗІМЕН: ЖАЗУШЫ-ЖАУЫНГЕР ЕСТЕЛІКТЕРІ» атты танымдық конференция өтті.
✒️Конференцияға Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының бөлім басшысы Айнұр Кеңесқызы, ардагер журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Бауыржантанушы Бекет Әбілдаұлы, М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Әлімбай Аманбайұлы, майдангер ұрпақтары: Шу қаласының тұрғыны Олжас Әлішев, Мұсабек Айтқұловтың баласы Мұсабеков Сәтжан, Сұлтанбай Ысқақовтың немерелері, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының бөлім басшысы Мадияр Ералыұлы, Назым Тоқтасынқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері, архив қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
📎Дөңгелек үстелдің мақсаты: Ұлы Отан соғысының қаһарманы, ержүрек қолбасшы, қазақтан шыққан тұңғыш әскери жазушы Бауыржан Момышұлының өлмес мұрасы туралы айту.
Баукеңнің майдан жайлы естеліктерінен, қаһарманның өзі жайлы жазылған туындылардан соғыстың ауыртпалығын танып білуге болады. Іс-шара мақсаты осы мақсатқа бағытталған.
❇️Бұдан өзге Кеңес Одағы Батыры атағына ерлігі үшін ұсынылып, бірақ басқа марапаттау түрлерін алған жамбылдық майдангерлер туралы естелік айту. Жамбыл жерінен соғысқа аттанып, ерен ерлік көрсетіп, алайда Кеңес Одағының батыры атағын алмаған Ыбырайым Сүлейменов, Шахан Әлішев, Үмбетқұл Жиенбаев, Айтқұлов Мұсабек, Әбдірахман Каргулин, Тащан Рамазанов, Үмекеев Ургалбай, Сұлтан Маматалиевтер туралы да ұрпақтарының естеліктері айтылды.
✒️Тарихта қанқұйлы соғыстар өзінің қисапсыз адам шығынымен есте қалды. Ал, өткен ғасырдың орта шенінде бұрқ ете қалған екінші дүниежүзілік соғыс бәрінен асып түсті. Сан миллиондаған адамдардың өмірін жалмады.
✒️Ұлы Отан соғысына қатысы болмаған отбасы кемде-кем. Біреудің жары, біреудің ұлы, бірінің бауыры жауынгерлер қатарында шайқасты. Тіпті, бір отбасынан әкелі-балалы, бірге туған бірнеше ағайындылардың ел қорғау жолында түгелдей опат болған деректері бар.
✒️Тылда қарттар мен жас балалар, апаларымыз бен аналарымыз, қыз-келіншектер аянбай тер төгіп, жеңіске өз үлестерін қосты. Олар майданға азық-түлік, киім-кешек жинап көмектерін көрсетті.
✒️Соғыс жылдарында 497 қазақстандық Совет Одағы Батыры атағына ие болды деп есептелді. Егер ұлты бойынша жіктесек олардың 280-і орыстар, 96 қазақтар, 86 украиндар, 45 өзге ұлт өкілдері. 113 отандасымыз үш дәрежелі Даңқ орденінің толық иегері атанған. Дегенмен соңғы зерттеулер бойынша, жаңартылған мәліметтерге сәйкес Ұлы Отан соғысында жасаған ерліктері үшін 103 қазақ Кеңес Одағы Батыры атағына ие болған.
✒️1991 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысы нәтижесінде Кеңес Одағының Батыры атағы даңқты қазақ қолбасшысы Бауыржан Момышұлына берілді. Сондай-ақ, 2007 жылы КСРО Қорғаныс Министрлігінің Орталық архивінің құпиясыздандырылған құжаттарынан көптеген шындық жария болып, арнайы Интернет сайттарында орналастырылды. Бұдан өзге Кеңес Одағы Батыры атағына ерлігі үшін ұсынылып, бірақ басқа марапаттау түрлерін алғандары белгілі болды.
Бауыржан Момышұлы біздің өңірдің тумасы. Жуалы жерінде дүниеге келген ол қазақ халқының даңқын алысқа шығарған асыл перзенттердің бірі бола білді. Бауыржанның туған жері, өскен ортасы, ұшқан ұясы жайлы деректер мен дәйектер Жамбыл өңірінде жеткілікті. Облыстық архивте Бауыржан Момышұлының жеке тектік құжаттары сақталған. Сондай-ақ, батырдың 60 жасқа толуына орай атамекені Жуалы жерінде өткен кездесулерінен фото суреттері бар.
Аталмыш іс-шара барысында «Ер Баукең ел есінде» атты фото-құжаттар көрмесі мен Жамбыл облыстық арнайы кітапханасы тарапынан кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.



1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.

Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.




⚜️АРХИВ ДИРЕКТОРЛАРЫНА ЖАҢА КӨЛІКТІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Ш.Амантұров аудандық архив директорларына жаңа көліктің кілтін табыстады.



МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАЦИЯСЫ

📌 Бүгін мекемемізде қызметкерлердің кәсіби біліктілігін бағалау мақсатында аттестациялау рәсімі өтті. Бұл процесс әр қызметкердің атқарып жатқан міндетіне сәйкестігін анықтап, болашақтағы кәсіби даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Аттестация ашық, әділ және талапқа сай түрде ұйымдастырылып, қызметкерлер өз білімдері мен тәжірибесін ортаға салды.
📌 Мекеме басшылығы барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, кәсіби шеберлікті арттыру жолындағы еңбектеріне жоғары баға берді.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ЖӘНЕ КЕҢЕС КӨРСЕТІЛДІ

 ⚜️Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жамбыл облыстық орыс драма театры», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы іс жүргізу, архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.