ҚОРДАЙ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ






Жамбыл облысы мемлекеттік архив директорының орынбасары А.Тыныбекова архив саласына сіңірген еңбегі үшін ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
22 желтоқсан –Архив күні.

“АРХИВ-2025: НӘТИЖЕЛЕР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР” атты ғылыми-тәжірибелік конференция
Еліміздің бас қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен ” Шетелдегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау проблемалары мен перспективалары” тақырыбында іс-шара өтті. Конференция барысы Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қ.Бораштың құттықтау сөзімен ашылып, “АРХИВ-2025” бағдарламасы бойынша шетел архивтерінде табылған құжаттар бойынша баяндама оқылды.
САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАЛЫҚ ОФИС БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Кездесу барысында Жобалық офис жетекшісі С.Қасымовқа Жамбыл облысы бойынша атқарылған жұмыстармен қатар жерлеу қорымдарының картасы көрсетілді.
СЕМИНАР-САБАҚ
Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес, облыстық архивтің жинақтау көзіндегі мәдениет, білім, сот, денсаулық салаларының мекемелеріне 24.11.2023 ж. «Ұлттық архив қорының және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыптарында семинар-сабақ өткізді.