САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕ ОТЫРЫС

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі кіші жұмысшы топ өкілдерінің жиыны өткізді.




“Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу”

Жамбыл облысы мемлекеттік архиві ҰАҚ құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдай отырып, мемлекеттік есепке алуды жузеге асырады.
Осы мақсатта “Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу” бөлімінің архивистері жұмыс жүргізудің барлық кезеңдерінде құжаттардың толықтылық, анықтық және сабақтастық қағидаттары негізінде жұмыс атқаруда.




АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ДАЯРЛЫҚ

Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласы бойынша бірқатар мекеме қызметкерлеріне оқу сабақтарын өткізді.
Мекеме қызметкері Қ.Борашев аталған семинарға қатысып, сертификат алды.

 




«Архив-2025» тақырыбында семинар-сабақ

Архив қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру мен өзара тәжірбие алмасу мақсатында Архив құжаттарын жариялау бөлімінің қызметкерлері «Архив-2025» тақырыбында семинар-сабақ өткізді.
Семинар-сабақта жобаны жүзеге асыру барысында отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі жүргізген жұмыстары, іздеу¬-зерттеу мен архив деректерінен дайындалған жинақтар, зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді ету, белсенді түрде цифрлық форматқа көшірілуі жөнінде айтылды.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

«Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру» бөлімінің басшысы Арслан Қыстаубай Сарысу ауданының мемлекеттік архивіне іс-сапарға барды. Аудандық архивте Microbox Book2Net Kiosk планеталық сканерінен өткізіп жатқан .jpg форматындағы соңғы істеліп жатқан өлшем бірліктерінің сапасын, ережеге сәйкестігін тексеріп, қосымша жасалатын профилактикаларын көрсетіп, есеп тапсыратын формаларды айғақтап, хаттамаларды, техникалық қателер туралы актілерді қалай жасалатынын түсіндірді. Интернет және IP VPN желілерінің жылдамдықтарын тексерді. Жүйелік блокқа және Windows-дың өзіне жасалатын профилактика мен процедураларды көрсетті. Сонымен қатар, оргтехникаларды және арнайы сканерлерді тексеріп, жасалатын профилактикалық жұмыстарын көрсете кетті.

 

 




АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫНА КЕЗЕКТЕН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Мемлекеттік сақтаудағы
“Джамбулский областной комитет КП Казахстана” корына кезекті тексеру жумыстары жургізілді.
Кужаттардын бар болуы мен жай-куйі тексерілді.




ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

25-қазан Республика күніне орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті С.Секирбекова архив саласына сіңірген еңбегі үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Е.Жүнісбай табыстады.