ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы Әкімінің аппараты» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы КММ іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.




Республика күні




Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің сараптау комиссиясының қаралуында –Ұлттық архив қоры құжаттарында өзгерістер анықталып, қажетті жұмыс жүргізілді.

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің сараптау комиссиясының қаралуында –Ұлттық архив қоры құжаттарында өзгерістер анықталып, қажетті жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік сақтаудағы архив құжаттарына кезектен тыс тексеру жүргізу, нақтылау, негізгі және қосалқы есептік құжаттармен салыстыру жұмыстары атқарылып, мекеме сарапшылары талдау жасап, қорытындылады

 

.




“ЖЫЛ ШЕЖІРЕСІ – 2021” атты жылнамалық-шежіре жарық көрді.

📌Жылнама шежіреде өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік, мәдени тыныс-тіршілігінен қысқаша хабар беретін “Жыл шежіресі: 2021» атты кітапшаны қалың оқырман назарына ұсынып отырмыз.
📌Әр жылдың ерекше оқиғасы, жақсы жаңалығы мен айтулы күндері болады. 2021 жылда да ел есінде қалған оқиғалар мен жаңалықтарға толы болды. Кітапта айтылатын оқиғалар қысқа әрі нақты берілген.




Электронды-цифрлық форматтағы құжаттардың жай-күйін тексеру жұмыстары.

Комиссия мүшелері тексеріс барысында «Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар кеңесінің атқарушы комитеті» қорының құжаттары бойынша №2 тізімдемесіндегі №200-210 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сканерлеу жұмыстарын, құжатты тігу барысын көріп, талқылады.



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Е.Ш. ҚАРАШӨКЕЕВТІҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ




«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану»

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану тақырыбы бойынша Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бөлімдер арасындағы тәжірбие алмасу мақсатында семинар-сабағын өткізді. Семинар барысында архив қызметкерлері аталмыш мәселені қызу талқыға салып, сұрақтар қойылды.