АУДАНДЫҚ АРХИВКЕ ІС-САПАР

image_pdfimage_print
        Үстіміздегі жылдың мамыр айының 12-13 күндері Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарын жұмыстары негізінде Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан «Талас аудандық мемлекеттік архиві» КММ-да іс сапарда болды.
Іс-сапардың алғашқы күні мекеме қоры, тізімдемелермен танысып, құжаттарға тапсырыс берілді.
Құжаттарды зерделеу барысында Талас, Сарысу атқару комитеті, Шолақтау жұмысшы поселкелік атқару комитетінің құжаттары арасынан 1946 жылы Талас ауданына арнайы қоныстандырылған қарашай, шешен, ингуш ұлт өкілдерін колхоздарға орналастыру, үй-жай және жұмыспен қамтамасыз ету, 1932 жылдары көшпелі қазақтарды отырықшыландыру, азақ-түлікпен қамтамасыз ету, 1930 жылдары Талас ауданы бойынша халықты ұжымдастыру, 1933 жылдардағы ішкі көші-қон және олардың Әулиеата – қаласына топтасуы, 1945-1946 жылдары Шолақтау поселкесіндегі тау-кен байыту комбинатында жұмыс істеген жапондық әскери тұтқындардың зираттары, нан дайындау науқаны жөнінде архивтік құжаттар анықталды.
Қаратау кен байыту комбинатының құрылысына 1945-1946 жылдары жапон әскерінің тұтқындары жұмыс істеген. Бұл жөнінде архивтік құжаттар анықталып, олардың жерленген жерін іздестіру үшін комбинат маңайына шағын экспедиция жүргізілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған