«ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІ-АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА» атты мақалалар жинағы жарық көрді.

«ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІ-АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА» атты мақалалар жинағы жарық көрді.
Жамбыл облысы мемлекеттік архиві мекемесі кезекті жоспарлы жинағын шығарды. Жинақ “ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІ – АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА” деп аталады.
мұнда республикалық, облыстық басылым беттерінде облыстық архив тарапынан жарияланған таңдаулы мақалалары енгізілген. Әулиеата өңірінің әр жылдардағы түрлі тарихы баяндалған шығармалар құнды құжаттардан алынып, жазушының ой елегінен өткен.
Жинаққа әрісі Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек, ақ патша әскерінің Әулиеата өңірін империя құрамына қосуы, сұрапыл соғыста ерен еңбегімен еленгендер, Кеңес Одағының батыры атағын алғандар мен Сталиндік солақай саясаты кезінде ашаршылыққа ұрынған Әулиеата өңірі мен қуғын-сүргінге ұшырағандар жөнінде мәліметтерге қанық боласыздар.