Әулиеата шежірелі жылдардың жылнамасы

image_pdfimage_print

Әулиеатаның қала болып қалыптасуы архив құжаттарында сақталған. Осылардың ішінде губернатор В.А.Каллаур қала құрылысына ерекше мән берген. Алғашқы саябақтар, заманауи үйлер, кеңселер сол заманда бой көтерген. Мұнда алғашқы сыра ашыту және арақ зауыты өткен ғасырдың басында пайда болған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін шағын зауыттарда сол уақытқа тиесілі.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ең байырғы қалаларының біріне саналатын Әулиеата – Жамбыл – Тараз шаһарының даму қарқыны ерекше. Мұнда дамыған құрылыстың заманауи үлгілерін кезіктіресіз. Ежелгі шығыстық құрылыс үлгілерін сақтай отырып дамудың даңғыл жолына түскен Тараздың келбеті көз сүйсіндіреді. Әсіресе тал-дарағының молдығы, саябақтарының келбеті, көшелерінің тазалығы қонақтарды бейжай қалдырмаса керек. Бұрынғы көк базар мен шахристанның орнына түскен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени орталығы кешегі Әулиеатаның бай тарихынан, Талас өзені бойында Тектұрмас биігінде бой көтерген «Тектұрмас» этно-тарихи кешені ғасырлардың қойнауынан сыр шертеді. Енді қаланың батыс бөлігінде орналасқан Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші маңынан «Қазақ ауылы» этно-мәдени кешені орналаспақ. Тараздың тарихы тереңде жатқан шаһар екендігіне қалаға жолы түскен қонақтар мен туристер қауымы көз жеткізбек.

You may also like...