БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а. Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы мәдениет саласының еңбек ардагерлері мен озаттарын, жалғызбасты және көпбалалы аналарын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Басқарма басшысының м.а. аналарымызды құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.
Жүнісбай Ерлан Нұрманұлының құттықтауынан соң Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының үлкен залында Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» атты комедиясы көрсетілді.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */