БАШЕНОВА ҚАЛДЫКҮЛ ИКРАМХАНҚЫЗЫ

Башенова Қалдыкүл Икрамханқызы 1961 жылы туылған, ұлты қазақ. Білімі жоғары,  1983 жылы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітірген. Берілген квалификациясы өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном.  2008 жылы «Қайнар» Университетін бітіріп, заңтану мамандығын алған.  Өзінің еңбек жолын 1983 жылы Жезқазган қаласындағы Жезқазған облыстық өсімдіктерді қорғау станциясында бас агроном қызметінен бастаған.

1985-1990 жылдар аралығында Сарысу аудандык комсомол комитетінің және атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы қызметін атқарды.

Мұрағат саласында 1990 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 1990-1993 жылдары аралығында Сарысу аудандық мұрағатының директоры қызметін атқарды.

1993 жылдан 2000 жылға дейін Жамбыл облысы мемлекеттік мұрағатында мұрағатшы қызметін, бас қор сақтаушы қызметін, мұрағат директорының орынбасары қызметін аткарды.

2000 жылдың сәуір айынан  2005 жылға дейін Жамбыл облысы Әкімінің мұрағаттар және құжаттама басқармасында бас маман қызметін атқарды.

2005 жылдың наурыз айынан бастап 2008 жылға дейін Жамбыл облысы әкімиятының мұрағаттар және құжаттама бөлімі бастығының орынбасары кызметін атқарды.

2008 жылдан 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық әкімиятының мұрағаттар және құжаттама басқармасында бөлім бастығы болып қызмет атқарады.

2013 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады.