Басқарма басшысы ақпаратқа жауапты мамандарды марапаттады

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы басқармаға қарасты мекемелердегі ақпаратқа жауапты мамандарды марапаттады.
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай басқарма мен мекемелердегі ақпараттық жұмыстарды ілгерілету жолында еңбек етіп жүрген мамандармен қатар, ардагер журналистер: Көсемәлі Сәттібайұлы мен Ерман Әбдиевті және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мадияр Ералыұлын арнайы шақырып, өз алғысын білдірді.
Облыстық архив тарапынан ақпаратқа жауапты маман Сағындық Зейнуллаұлы аталмыш алғыс хатпен марапатталды.