БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

⚜️ «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратын, атқаратын қызметімен танысу мақсатында басқарма басшысы Шалқар Болатұлы Амантұров архивке ат басын бұрып, сала мамандарымен танысты.
📌Мекеме директоры Л.Кожаханова және бөлім басшылары ақпаратты технология бөлімінің құжаттарды сканерлеу, желілік қойма қызметімен, құжаттарды сақтайтын қоймалармен және құжаттарды есепке алу бөлімінің қызметін түсіндірді.
#архив2025