БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
“Жамбыл облысы мемлекеттік архиві” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жақында Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасы құрамына өтіп, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы болып аталған.
Құрамына енген жаңа мекеменің ғимаратын, атқаратын қызметімен танысу мақсатында басқарма басшысы Руслан Маскауович Нокрабеков архивке ат басын бұрып, сала мамандарымен танысты.
Мекеме директоры Л.Кожаханова және бөлім басшылары ақпаратты технология бөлімінің құжаттарды сканерлеу, желілік қойма қызметімен, құжаттарды сақтайтын қоймалармен және құжаттарды есепке алу бөлімінің қызметін түсіндірді.