“”БҰҚАРА ОДАҒЫ” ЖӘНЕ ҚАБЫЛБЕК САРЫМОЛДАЕВ”

        Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 21.02.2023 жылғы №21 санына жазушы, журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлының “”Бұқара одағы” және Қабылбек Сарымолдаев” атты мақаласы жарияланды.
       17 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Орталық мемлекеттік архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Түркі-қазақ болашағы үшін күрес және Қабылбек Сарымолдаев» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Дәл осы аталмыш конференцияда қоғам қайраткері, жазушы-журналист Көсемәлі Сәттібайұлы “Бұқара одағы және Қабылбек Сармолдаев” атты тақырыпта баяндамасын оқыды.
        Айта кетейік, конференцияны ұйымдастырып, жалынды жерлесіміздің мұрасын жеке кітап етіп шығарған Орталық мемлекеттік архив ұжымына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Құттықтау хаты табыс етілді.