МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАЦИЯСЫ

📌 Бүгін мекемемізде қызметкерлердің кәсіби біліктілігін бағалау мақсатында аттестациялау рәсімі өтті. Бұл процесс әр қызметкердің атқарып жатқан міндетіне сәйкестігін анықтап, болашақтағы кәсіби даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Аттестация ашық, әділ және талапқа сай түрде ұйымдастырылып, қызметкерлер өз білімдері мен тәжірибесін ортаға салды.
📌 Мекеме басшылығы барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, кәсіби шеберлікті арттыру жолындағы еңбектеріне жоғары баға берді.



БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

⚜️ «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратын, атқаратын қызметімен танысу мақсатында басқарма басшысы Шалқар Болатұлы Амантұров архивке ат басын бұрып, сала мамандарымен танысты.
📌Мекеме директоры Л.Кожаханова және бөлім басшылары ақпаратты технология бөлімінің құжаттарды сканерлеу, желілік қойма қызметімен, құжаттарды сақтайтын қоймалармен және құжаттарды есепке алу бөлімінің қызметін түсіндірді.
#архив2025




⚜️ Хабарландыру!

⚜️ 2025 жылдың 10 сәуірінен бастап Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына Жуматаева Ляззат Бахтыбаевна, бас қор сақтаушы лауазымына Кузенбаева Ляззат Елтаевна тағайындалды.
#архив2025




🔎 ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ!

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси және жастар газеті “AR-AI”- дың №19 санына (14.03.2025 ж) Жамбыл облыстық архивінің архивисті Ә.Баққараұлының “Тасөткел” су қоймасы қалай салынды” атты архив құжаттарына негізделген мақаласы жарық көрді.
Возможно, это изображение текст



МЕРЕКЕ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті архив ұжымының арулары!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
🌹Көктемнің жылы, ең аяулы, жарқын және тамаша күні Сіздердің шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңізге жылулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз.
🔆 Осындай ғажайып күнде, барлық ғаламды әсемдікпен нұрландырған тамаша әйелдер мерекесінде тек көтеріңкі көңіл-күй, шексіз бақыт және зор денсаулық тілегіміз келеді. Жаныңыз жадырап, болмысыңыз биіктеп, архив саласындағы абыройларыңыз асқақтай берсін!
Құрметпен облыстық архив ұжымы!



ЖАҢА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Шалқар Болатұлы Амантұров Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
✳️Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы болып бастаған.
❇️2022 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласындағы «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
Возможно, это изображение 1 человек и текст



✍🏻«ҚАЙРАН ЕЛІМ ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ!» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ!

⚜️2025 жыл – Жамбыл облысында «кітап оқу жылы» болып жарияланды. Осыған орай, «Әулиеата – кітап оқитын өңір» атты жоба бастау алды.
🔱Жобаның салтанатты ашылуы «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешеніндегі «Көркемсурет галереясы» залының ғимаратында өтті.
📌Мақсаты – өңір жастарын кітап оқуға баулу, мәдениетті адам болуы үшін рухани байлық – кітапты дәстүрлі түрде оқуына үлес қосу, жалпы жұртшылық пен жастарды ізденуге шақыру болып табылады.
📍Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, билер алқасы, журналистер, өңір тұрғындары, жастар мен архив қызметкерлері қатысты.
🔍Жоба аясында өзге жазушылардың кітаптарымен қатар, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қорында сақтаулы газет тігінділері арасынан талантты жазушы, публицист Несіпбек Дәутайұлының өзекті мақалалары, эсселері енген «Қайран елім қазағым, қайран жұртым» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.