АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ!

«22 желтоқсан – Архившілер күні» мерекесіне орай өңіріміздегі архив саласында жемісті еңбек еткен сала мамандарын марапаттау рәсімі биыл да өз жалғасын тапты. Архив саласында жыл бойы үздік нәтиже көрсетіп, саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
📍Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директорының орынбасары А.Тыныбекова, бөлім басшысы Д.Джайшыбекова Жамбыл облысының әкімінің Құрмет грамотасымен, бөлім басшысының м.а. Г.Кулибаева, есепші У.Жарылкапова, архившілер К.Дауталиева, Н.Керимбекова облыс әкімінің Алғыс хатымен, есепші Р.Оспанова мен архивші Э.Мирзаева Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқарма басшысы Алғыс хатымен марапатталды.
📌БАРЛЫҚ МАРАПАТ ИЕЛЕРІН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



📍АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

📌 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің есепшісі Жарылкапова Улдар Шигирбаевна, бөлім басшысы Қыстаубай Арслан Қанатұлы, мемлекеттік сатып алу маманы Никсабаева Айдана Серикқызы Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқарма басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
📌 Құттықтаймыз!



Хабарландыру!




БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

⚜️ “Жамбыл облысы мемлекеттік архиві” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жақында Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасы құрамына өтіп, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы болып аталған.
✒️ Құрамына енген жаңа мекеменің ғимаратын, атқаратын қызметімен танысу мақсатында басқарма басшысы Руслан Маскауович Нокрабеков архивке ат басын бұрып, сала мамандарымен танысты.
📌 Мекеме директоры Л.Кожаханова және бөлім басшылары ақпаратты технология бөлімінің құжаттарды сканерлеу, желілік қойма қызметімен, құжаттарды сақтайтын қоймалармен және құжаттарды есепке алу бөлімінің қызметін түсіндірді.
#архив2025



📌ХАБАРЛАНДЫРУ! 📍

“Жамбыл облысының мемлекеттік архиві” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 23 шілде күні “Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру” туралы мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бойынша “АШЫҚ ЕСІК” күні өтетіндігін хабарлайды. 🔍 Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Абай даңғылы 125А. 📞 Байланыс телефондары: 8 (7262) 45 32 75, 43 15 61.




“САЛАНЫҢ СЕРПІНДІ ДАМУЫНА ШОЛУ” АТТЫ МАҚАЛА ЖАРЫҚ КӨРДІ.

Республика көлемінде шығарылатын “Құжат айналымы мәселелері” атты журналдың №6 санына мекеме директоры Л.Кожаханованың облыстық архивтің тарихы, атқаратын қызметінен хабар беретін “САЛАНЫҢ СЕРПІНДІ ДАМУЫНА ШОЛУ” атты мақаласы жарық көрді.
#архив2025



«Е-ЗАҢ КӨМЕГІ» ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Бүгінгі таңда, азаматтардың заң көмегін көрсету үшін жүгіну үрдісі оны алу құралдарына оңай және уақтылы қол жеткізуді талап етеді.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының (бұдан әрі – заң) 24-бабына сәйкес заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) болып табылады.
АЖ заң көмегін көрсететін тұлғалар үшін де, оны алатын азаматтар үшін де функционалдылықтың үлкен спектрін қамтиды.
Мысалы, АЖ кез-келген пайдаланушыға, соның ішінде iOS және Android платформаларында қол жетімді қосымша арқылы өмірлік жағдайларды шешу үшін заңды қоғамдастыққа құқықтық сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Заңның 26-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар үшін онлайн, оның ішінде мобильді қосымша арқылы құқықтық кеңес алу функционалы көзделген (бұл ретте АЖ кейбір тармақтары бойынша азаматтың ХӘОТ тиісті санатына жататынын автоматты түрде айқындайды).