4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні!

Мереке аясында мекеме қызметкерлері Мемлекеттік әнұранды орындап, рәміздерге құрмет білдірді.
Возможно, это изображение 8 человек и текст



31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ⚜️«СОҒЫС ТҰТҚЫНДАРЫ ТУРАЛЫ»

Екінші дүниежүзілік соғысының тағдыры қайғылы әрі қасіретті. Еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Саяси-қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі» Жарлығының әскери тұтқындарға да тікелей қатысы бар. Тарихтың ақтаңдақтарын қалпына келтіру бағытында, қазақстандық әскери тұтқындардың біз білмейтін беймәлім тұстары қайта қылаң бере бастады. Осы тұста Жамбыл облысы мемлекеттік архиві 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске күніне орай лагерлер мен әскери тұтқындар туралы ақпарат ұсынады.
📌1945 жылдың күзіне қарай тұтқында болған және Германияға күштеп айдап әкеткен КСРО азаматттарының жалпы саны 6 миллион 810 мың 567 адам болды. Олардың 2 миллион 16 мың 480 адамы кеңес әскери тұтқындары еді. 1945 жылдың соңына дейін 5 миллион 352 мың 963 адам отанына қайтарылды.
📌Ал неміс тұтқындары туралы Жамбыл облысы аумағында сол кезенде №40,47 деген екі лагерьдің болғаны көрсетілген. Оның бірі -№47 лагерь Жамбыл қаласында 1945 жылдың қыркүйек айында бір айдай өмір сүрсе, екіншісі-№40 Қаратау станциясында 1945 жылдың кыркүйегінен 1948 жылға дейін жұмыс істеген.
📌Жамбылдық әскери тұтқындар есімі: Абильдаев Ицках,1918 жылы туған,қазақ,Жамбл облысы,№333 лагерьде қаза тапқан. Абишев Абубакир, 1918 жылы туған, Жамбыл қаласы, 10.02.1942 жылы қайтыс болған Воллштайн лагерінде қайтыс болған. Агибаев Серекбай,1916 жылы туған, Жамыбл облысы, 25.10.1941 жылы Вола лагерінде қаза тапқан. Алтембегов Еспол,1901 жылы туған,қазақ,Жамбыл облысы (Каленин), 10.04.1944 жылы Штаблак лагерінде қаза тапқан. Амаров Илья,1919 жылы туған, қазақ,Жамбыл облысы,23.08.1942 жылы 324 лагерьде қаза тауып, Мазовецка аралына жерленген. Амралиев Суранчи,1921 жылы туған,қазақ,Жамыбл қаласы,10.02.1942 жылы қаза тапқан. Ахметов Кадул, 1917 жылы туған, қазақ,Жамыбл облысы,06.01.1944 жылы қаза тапқан. Байбусумов Бейсембай,1922 жылы туған, Жамбыл,03.04.1944 жылы 333 лагерьде қаза тауып, Петрикау деген жерде жерленген. Байкулу Мафон,1916 жылы туған, қазақ,Жамыбл облысы,05.02.1942 жылы қайтыс болған. Бакиров Наби,1907 жылы туған, қазақ,Жамбыл облысы,21.02.1944 жылы қайтыс болған. Бакулдов Семет, 1912 жылы туған,қазақ,Жамбыл,03.02.1943 жылы қайтыс болған (Берген-Бельсен).Балпиков Сатбай, 1916 жылы туған, қазақ,Жамбыл облысы,20.07.1942 жылы 307 лагерьде қаза тапқан (Скробов). Бахтиқожаев Бақин,1920 жылы туған, қазақ,Жамбыл облысы, 02.12.1941 жылы қайтыс болған.Бейсебеков Сатылған,1922 жылы туған, қазақ, Жамбыл облысы. Бекмурзаев Сейдилда,1912 жылы туған,қазақ,Жамбыл қаласы,11.11.1944 жылы қаза тауып, Ламсдорф деген жерге жерленген. Билевай Атамарза,1915 жылы туған,қазақ,Жамбыл облысы,13.08.1943 жылы қаза тапқан.Богумбаев Копыргин,1918 жылы туған, қазақ,08.11.1942 жылы қаза тапқан (Сиедлце).Джурук Ботай, 1919 жылы туған, қазақ,Жамбыл қаласы, 11.10.1942 жылы қаза тапқан. (Хейдекруг).



АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске күніне орай “Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Жамбыл өлкесінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін: ашаршылық ақиқатын ашу – ұрпақ парызы” атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
📌 Конференцияда Әулиеата өңірінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін: тағдырлар қасіреті, халық жадындағы 1920-1950 ж.ж. саяси қуғын-сүргін зардаптары, Жамбыл өлкесі бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған діни қайраткерлердің тарихы, кулактар мен ишандардың мүлкін тәркілеу, депортацияланған этникалық топтар атты тақырыптарда баяндамалар оқылды.
📍 Іс-шара аясында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Л.Кожаханова, бөлім басшылары Ж.Есентаева мен С.Зейнуллаұлы Алғыс хатпен марапатталды.



АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысының міндетін атқарушысы С.Сапарбекова ҚР мәдениет және ақпарат министрінің, архивші Л.Кузенбаева басқарма басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
📌 Құттықтаймыз!



МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТТЕСТАЦИЯЛАУДАН ӨТТІ

Мекеме қызметкерлері кезекті білімін тексеруге арналған аттестациядан өтті. Аттестацияға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Жаңабаева Мария Абсаматқызы келіп қатысты.
#архив2025



ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАУЫНГЕР ЖАЗУШЫЛАР

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай “Жамбыл -Тараз” қоғамдық- саяси газетінің №36-37 (07.05.2024 ж.) санында “Жамбылдық жауынгер жазушылар” атты тақырыпта мақала жарық көрді.
#archive2025



ЕҢБЕК ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ ДЕ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ!

📍 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, облыстық архив директоры бастаған мекеме қызметкерлері еңбек және тыл ардагері, тарихшы, архив саласының ардагері Мұсабеков Кәрібек ақсақалдың үйіне барып, құттықтап қайтты.
📍 Кәрібек ақсақал өмірін халыққа қызмет етуге арнаған жан. 1937 жылы дүниеге келіп, соғыстан кейіңгі ауыр күндерді бастан кешті. Қиыншылыққ мойымаған ардагер атқарушы биліктің түрлі сатыларынан өткен. Шу аудандық архивін 1960 жылдары басқарған. Өзінің емес, өңірдің тарихын жетік білетін кеудесі шежіреге толы абыз ақсақал.