“ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫ ТУРАЛЫ” СЕМИНАР-САБАҚ

Облыстық архив қызметкерлерінің біліктілігі мен білімін, өзара тәжірбие алмасу мақсатында жоспарлы түрде семинар-сабақтар өткізіліп отырады.
📌Архив құжаттарын жариялау бөлімі Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы мен оны пайдалану бағыттары бойынша семинар-сабақ өткізді.



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КИНЕМАТОГРАФИЯ ТАРИХЫ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА

Кино желілері Жамбыл облысында қалай пайда болды деген сауалға жауапты облыстық мемлекеттік архивтің құжаттарынан көрдік. 1952 жылы СССР Министрлер кеңесінің «Кино өндірісін дамыту барысы» Қаулысы негізінде соңғы 3 жыл мерзімде кино желілеріне арналған 25 жаңа автомашина алды. Жуалы ауданына 1951 жылы 15 кино желісі беріліп, соның нәтижесінде көрермендер саны 40 мыңға артты. Сол сияқты Қордай, Сарысу, Жамбыл және Луговой аудандарының кинофикация салалары жақсы жұмыс істеді.
🔹 Колхозшыларға Совет киносының үздік фильмдері «Кубань казактары», «Мичурин», «Берлиннің құлауы» сынды документалды және ауыл шаруашылығына қатысты фильмдерге сұраныс мол болды.
🔸 Жалпы Жамбыл облысының кино өнерінде сонау 30 жылдардан түсірілген кино бейнелер бар. 40 жылдары Ресейдің атақты Мосфильм ұжымының Алматыға қоныс аударуы бұл салаға түрткі болды. Онда бірнеше фильмдер дүниеге келді оның Жамбыл облысы аумағында түсірілгені бар. Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде кино өндірісіне байланысты көрме ұйымдастырды. Онда Кинематоргафия тарихына байланысты қойылған құжаттар көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырды.



ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архив қорында өңіріміздің тарихына қатысты құнды құжаттар сақтаулы. Сол құжаттарды жарыққа шығарып, көпшілік оқырманға жеткізу архив қызметкерлерінің жұмысы.
Жас зерттеушілерді архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге тарту, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығын, әрі өскелең ұрпақты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту басты мақсат саналады.
Осы ретте архив құжаттарын зерделеп, зерттеп жүрген жас ғылым өкілдері жетекшілерімен бірге облыстық архивте бас қосты.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10 «ә» сынып оқушысы Бекенова Жанерке өзінің жетекшісі Шартықбаева Гаухар Кеулимжановнамен бірге «Жамбылдық жауынгерлердің еленбей қалған ерліктері» атты тақырыпта ғылыми жұмысын жасап, республика деңгейіне шықты.
Сонымен қатар, тарихшы, өлкетанушы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Күзембай Байбосыновтың өмір жолы мен атқарған қызметі туралы зерттеп жүрген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Көбесова Ақнұр Смаилқызы «К.Байбосыновтың өмірі мен шығармашылығы» атты тақырыпта жазылған мақаласы республикалық журналға жарық көрді.
Дөңгелек үстел басында К.Байбосыновтың шығармашылығына тоқталып, студенттерге еңбегі, архивтен алған ақпараттары туралы өз ойымен бөлісті.
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10 «ә» сынып оқушысы Бекенова Жанерке өз сөзінде:
– «Ғылыми жобамның мақсаты архив деректеріне сүйене отырып, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да иеленбей қалған жамбылдық жауынгердің ерліктерін жан-жақты зерттеу, жерлестеріміздің ерліктерін насихаттау болып табылады» – деді.
Зерттеудің деректік негізін ғылыми жоба жазу барысында ең бірінші Жамбыл облыстық архив құжаттарына, мұндағы Жамбыл облыстық партия комитетінің және Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің Орталық архивінің «Халық жады» атты сайтына сүйенген. Жас зерттеушіге жетекшісі мен қатар архив қызметкерлері де өз ақпараттары мен бағыт-бағдарларын ұсына отырып, жан-жақты көмек берді.
Іс-шарада өлкетанушы, зерттеуші К.Байбосыновтан тәлім алған, бүгінде Тараз қаласы мемлекеттік архивінің директоры Серікбаев Нұрхат Тіріболсынұлы да қатысып, ұстазы мен археология саласы жөнінде естеліктерімен бөлісті.



Бүгін Алматыда архив қызметкерлеріне арналған «Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Бүгін Алматыда архив қызметкерлеріне арналған «Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» тақырыбында өңірлік семинар өтті.
Семинар шеңберінде архив қорларын сапалы жинақтау, Ұлттық архив қорының құрамына құжаттарды жатқызу бойынша өлшемшарттарды қолдану, мемлекеттік есепке алуды жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінде мәселелерді талқыланды.
Сондай-ақ екі секция бойынша жоспарланған тақырыптық алаңда архившілер архивтік құжаттарды жинақтау және есепке алу жөніндегі заңнама нормаларын және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іс жүзінде қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.



СЕМИНАР-САБАҚ

Жоспар бойынша 01.02.2024 жылы архив қызметкерлеріне “Ұлттық архив қоры және архивтер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылы 22-желтоқсанда бекітілген № 326-ІІ заңы бойынша сабақ өткізілді.



“АРХИВ-2025: НӘТИЖЕЛЕР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР” атты ғылыми-тәжірибелік конференция

Еліміздің бас қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен ” Шетелдегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау проблемалары мен перспективалары” тақырыбында іс-шара өтті. Конференция барысы Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қ.Бораштың құттықтау сөзімен ашылып, “АРХИВ-2025” бағдарламасы бойынша шетел архивтерінде табылған құжаттар бойынша баяндама оқылды.




СЕМИНАР-САБАҚ

Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес, облыстық архивтің жинақтау көзіндегі мәдениет, білім, сот, денсаулық салаларының мекемелеріне 24.11.2023 ж. «Ұлттық архив қорының және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыптарында семинар-сабақ өткізді.