«Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс» атты дөңгелек үстел.

«Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс» атты дөңгелек үстел
                09.06.2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс» атты тақырыпта «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ажибаев Айбек дөңгелек үстел өткізілді.
               Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті инструкция бойынша әрекет етудің жолын түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды және нақты деректер мен дәйектер келтіре отырып әңгімеледі. Архив қызметкерлері дөңгелек үстел басындағы әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
                                                                             
“Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану” атты семинар.

          “Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану” атты семинар.
27.05.2022 жылы Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінде Архив істері және құжаттаманы басқару Комитетінің ұйымдастыруымен «Құжаттарды пайдалану Республикалық шығармашылық зиялылар» форумы аясында “Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану” атты семинар өтті. Семинарға республика бойынша аталмыш саланың жетекші мамандары мен мекеме қызметкерлері шақырылған. Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің тарапынан «Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау» бөлімінің басшысы Зейнуллаұлы Сағындық қатысты.
            Іс—шара барысында архив ісі ,құжаттық басылымдар, аудиобейнеқұжаттар және өзге де өзекті тақырыптар бойынша слайд-презентациясылар тыңдалды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің өкілі Қ. Бораш жиын жайлы өз пікірін білдіріп,тілге тиек еткен болатын.
Жиын соңы «Бірыңғай электрондық құжаттар архиві» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету бойынша таныстыру жұмыстарымен және ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің көрмесімен тәмамдалған болатын.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану” атты семинар

АРХИВ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ӨТКІЗІЛГЕН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-САБАҚ

        Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі облыстық архивтің мамандарына «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі тақырыбында сабақ өткізді. Күн тәртібінде «Е-архив» ақпараттық жүйесіндегі «Толықтыру көздері» модулі қарастырылды. Оның ішінде облыстық архивтің жинақтау көзі болып табылатын мекемелердің бақылау істерін енгізу, есебін жасау тәртібі түсіндіріліп, қосымша слайдпен көрсетілді.

ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ

       Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімі бөлімдер арасында тәжірбие алмасу мақсатында кезекті Құжаттарды жариялау және пайдалану бойынша семинар-сабақ өткізді.
       Семинарда бөлімінің атқарған жұмыстары мен биылғы жоспарларымен бөлісіп, сұраныстарды орындау, оқу залының жұмыстары мен БАҚ-ы, жазылған кітап, мақала, баяндамалар жөнінде айтылды.

Құжаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімі кезекті сабақ өткізді

          Құжаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері :
1) “Архивтік құжаттардың техникалық және физикалық-химиялық жәй-күйін тексеру мен есепке алу”
2) “Архивтік құжаттарды физикалық-химиялық және техникалық өңдеуден өткізу тәртібі (реставрация)” -, жайында кезекті сабақ өткізді.

КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-САБАҚ

       Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімі  облыстық архивтің мамандарына “Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” ақпараттық жүйесі бойынша  сабақ өткізді.