АРХИВ МАМАНДАРЫНА ӨТКІЗІЛГЕН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-САБАҚ

       Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі облыстық архивтің мамандарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген “Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары” тақырыбында сабақ өткізді. Күн тәртібінде құжаттама жасау, құжаттарды дайындау және ресімдеу тәртібі, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару, құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі түсіндіріліп, қосымша слайдпен көрсетілді.



ҒЫЛЫМИ-АНЫҚТАМАЛЫҚ АППАРАТ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР-САБАҚ

      Архив қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру мен тәжірбие алмасу мақсатында облыстық архивте Ғылыми-анықтамалық аппарат жөнінде семинар-сабақ өткізілді.
Семинарда ғылыми анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің атқаратын қызметтері оның ішінде архивтік анықтамалықтар, архивтік құжаттардың құрамы және мазмұны туралы, деректер базасы, құжаттардың тізімдемесі, жөнсілтері, каталог, сілтегіштер, құжаттарды шолу, Электронды архив ақпараттық жүйесіне тақырыптық карточкаларды енгізу жұмыстары жөнінде сладй арқылы түсіндірме жүргізілді.




“Мемлекеттік сақтаудағы Ұлттық архив қорының құжаттарын,басқа да архив құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету” тақырыбында салалық сабақ өткізілді

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің құжаттарды мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімі мекеме қызметкерлеріне “Мемлекеттік сақтаудағы Ұлттық архив қорының құжаттарын,басқа да архив құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету” тақырыбында салалық сабақ өткізілді. Бөлімнің маман-архивистері өздеріне міндеттелген жұмыс түріне шолу жасады,және сабақ өткізу аясында архив қызметкерлер арасында сұрақ жауап,пікірлер айтылды




МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР САБАҚ

      Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі Қазақстан Республикасы құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері туралы мекеме қызметкерлеріне семинар сабақ өткізді.



Ақпараттық технология бөлімі семинар сабақ өткізді

Ақпараттық технология бөлімінің қызметкерлері архив ұжымына “Құжаттардың Бірыңғай Электронды Архиві” ақпараттық жүйесінің жұмысы және бөлімнің жұмысы жайында семинар сабақ өткізді




«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбында мекемелерге семинар

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жылдық жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 5 қарашасында сағат 11.00-де және 15.00-де жинақтау көздері тізіміндегі 46 мекемеге семинар-сабақ өткізді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілеріне қысқаша шолу, істер номенклатурасын жасау, қалыптастыру және сақтау, ұйым архивінің (ведомстволық) құжаттарын қабылдау, сақтау есепке алу мен пайдалану, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу тәртібі қарастырылды.
Семинар барысынды қатысушылар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, оған архив қызметкерлерінен қанағаттанарлық жауаптарын алды.



Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру

Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында елімізде барша мемлекеттік қызмет көрсету түрлері электронды түрде жүргізілуде. Соның ішінде архивтік анықтамалар беру қызметі де бар. Әсіресе электронды түрде қызмет көрсету өзектілігі пандемия кезінде екі есе артты.
Пандемия кезіндегі архив саласындағы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі мен жолдарын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысының мемлекеттік архиві семинар өткізді.