«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтауы, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбы бойынша семинар-сабақ

Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі архивтегі бөлімдер арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында семинар-сабағын өткізді. Бүгінгі сабақ «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтауы, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбы бойынша өтті. Семинарда архив қызметкерлеріне архивтегі құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу тәртібі түсіндірілді.

 




СЕМИНАР-САБАҚ

        Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес жинақтау көзі тізіміндегі «Е-архив» бағдарламасы орнатылған мекемелерге «Құжаттардың электронды біріңғай архиві» ақпараттық жүйесі бағдарламасымен жұмыс жасау тәртібі бойынша семинар-сабақ өткізді.



“Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” ақпараттық жүйесі тақырыбы бойынша семинар-сабақ

      Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде “Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу” бөлімі семинар сабақ өткізді.
      Семинар-сабақта күн тәртібіндегі бірнеше өзекті мәселе қарастырылды. Бірінші болып архивтік құжаттарды электронды нұсқаға көшіруге даярлық жұмыстары баяндалса, соңынан архивтік құжаттарды “”Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” ақпараттық жүйесі” енгізу туралы тілге тиек етілді.



“ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІ-ӨЗГЕ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА” атты дөңгелек үстел

        Жамбыл облыстық архив қызметкерлері архив сақтауындағы Әулиеата өңіріне қатысты құжаттарды Түркістан облысы мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік архиві мен ҚР Президенті архивтерінен жинақталған құжаттар бойынша көрме ұйымдастырып, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Тарих және география” факультетінің студенттерін дөңгелек үстел басына шақырды.
        Бұл іс-шараның мақсаты архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге жастарды кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығы мен қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.



САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ОНЛАЙН СЕМИНАР

       Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Жобалық офис жетекшісі Сабыр Қасымұлының жетекшілігімен өңірлік комиссия мүшелерімен онлайн форматта кеңес өткізді.
Кеңесте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары биыл да өз жалғасын табатындығын, әрі “Алаш” қозғалысы мен “Халық жады” тақырыбында зерттеу жұмыстары жүргізілуі керектігін жеткізді.



АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ?

       Архив құжаттарын пайдалану бөлімі мамандарымен архив ұжымына “Архивтік анықтамаларды қалай онлайн алуға болады? ” тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
       Мемлекеттік қызметтің онлайн форматта қалай жүргізілетіне тоқтала отырып, www.egov.kz электронды үкімет веп-порталы арқылы өтініш берудің реттілігі тілге тиек етіліп түсіндірілді. Сонымен қатар бұл қызмет “Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” жүйесі арқылы да атқарылуда. Семинар барысында архив ұжымы аталмыш мәселені қызу талқыға салып, сұрақтар қойылды.



“Археография” тақырыбында семинар сабақ

Архив құжаттарын жариялау бөлімі архив ұжымына “Археография” тақырыбында біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында семинар сабақ өткізді