1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.

Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.




🔱 “ЕРЕН ЕРЛІКИЕЛЕРІНЕЛ ЕСКЕРЕР” АТТЫ МАҚАЛА ЖАРЫҚ КӨРДІ.

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толуына орай “АРАЙ” газетінің №28 (1176) (16.04.2025 ж.) санына облыстық архивтің архивисті Ә.Баққараұлының “ЕРЕН ЕРЛІКИЕЛЕРІНЕЛ ЕСКЕРЕР” атты мақаласы жарық көрді.
#архив2025



ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!!!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
📌Әз-Наурыз босағамызға құтымен енсін. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Возможно, это изображение текст



20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ!

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және асық ату, тоғызқұмалақ, садақ атудан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
❇️Бұл айрықша күні біз Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің бай мұрасын, оның халқымыздың рухани және физикалық дамуындағы маңызын атап өтеміз.



🔱19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ!

Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейді. Бүгін ел аумағында ағаш отырғызылады.
📌Бұл дәстүр Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.



18-НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ!

18 наурыз – Қазақстанда Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрам. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.
❇️Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Әрбір ою-өрнек, әрбір түйме мен зергерлік бұйым белгілі бір мағынаға ие. Қазақы шапан, камзол, сәукеле, тақия, белбеу мен етік – халқымыздың өмір салты мен эстетикалық талғамын көрсетеді.



17-НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ!

Бүгін – әр отбасы үшін ерекше күн! Шаңырақ – береке мен бірліктің, татулық пен сүйіспеншіліктің символы. Отбасымыз аман, дастарханымыз мол, жүрегіміз мейірімге толы болсын!
📍Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетіп, ата дәстүрімізді дәріптейік. Әрбір шаңыраққа шаттық пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!