«АПАТАЙЫМ! АУЫЛДЫ, СЕНІ САҒЫНДЫМ..»

      
         Қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай жазушы, журналист, мекеме директоры Көсемәлі Сәттібайұлының «Жамбыл-Тараз» газетінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №40 санына «АПАТАЙЫМ! АУЫЛДЫ, СЕНІ САҒЫНДЫМ..» атты мақаласы жарияланды.



Бауыржан Момышұлы жайлы ақпарат беретін парақшасының негізін қалаушы Қуантай Сәт Айтуғанұлы келді

Жамбыл облыстық мемлекеттік архивіне халқымыздың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы жайлы ақпарат беретін @baurzhan_momyshuly инстаграм парақшасының негізін қалаушы және жетекшісі Қуантай Сәт Айтуғанұлы келді. Батыр атамыздың өнегелі өмірі мен жетістіктерінен сыр шертетін фотоқұжаттар мен құжаттармен танысып, тың деректер ала білді.




«АПАТАЙЫМ! АУЫЛДЫ, СЕНІ САҒЫНДЫМ..»

         Қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай жазушы, журналист, мекеме директоры Көсемәлі Сәттібайұлының «Қазақ әдебиеті» газетінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №37 санына «АПАТАЙЫМ! АУЫЛДЫ, СЕНІ САҒЫНДЫМ..» атты мақаласы жарияланды.



МАЙДАНГЕР ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІНІҢ МҰРАСЫ АРХИВКЕ САҚТАУҒА ҚАБЫЛДАНУДА.

МАЙДАНГЕР ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІНІҢ МҰРАСЫ АРХИВКЕ САҚТАУҒА ҚАБЫЛДАНУДА

Әлі Бекқұлы Әліұлы көпшілік оқырмандарға таныс деп ойлаймыз. Өз ауданы Тұрар Рысқұлов ғана емес, облысқа танымал өлкетанушы, ауданынның құрметті азаматы, ардагер ұстаз.
Жер жаһанды кезбесе де Ресей, Белорус елдерінің біраз жерлерін шарлап, оның ішінде Ленинград,Петербург, Новгород,Тверь, Волоколомск, Зубцовск, Ржев, Великие Луки, Смоленск, Псков, Воронеж, Тула, Минск, Гомель, Брест қалаларына барып, жауынгерлер зиратын тауып, ресми деректер мен құжаттар жинаған. «Парыз» қоғамдық бірлестігін құрып, жат жерде қаза тапқан жамбылдық майдангерлер жөнінде келер ұрпаққа мол мұра қалдыра білген жан. Осы майдангерлер туралы деректерді жинастырып, көпшілікке «Парыз» атты кітабын ұсынды. Кітапта көпшілікке беймәлім жандардың есідері мен құнды деректері қамтылған.
Осы ретте қазыналы қарттың мұрасын архивке қабылдап, жас зерттеушіге жеткізуді архив қызметкерлері місе тұтты десек артық айтқандық емес. Ізгілікті істі өзі бастап, архивке Ресей Федерациясының Белгород, Ворнеж, Псков, Ржев, Брянск әскери комиссариаттарынан алынған жамбылдық майдангерлер тізімі, Брест қамалын қорғаған майдангерлер, хат алмасулары, «Парыз» атты кітабы, мараппатаулары, өмірбаяны мен жеке бас суреттері облыстық архивке қабылдануда.
                     



МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.
Бүгін, яғни 01.09.2022-жылы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізге жолдау жасады. Жолдау бағдарламасы 10 бөлімнен тұрды.
Мемлекет басшысы ел өмірінің әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларының өзекті мәселелерін тілге тиек етті.
Жолдаудың толық видеосын https://kaz.tengrinews.kz/…/tokaevtyin-kazakstan…/ – сілтемесінен көре аласыздар.
                                                                             



«ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІ-АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА» атты мақалалар жинағы жарық көрді.

«ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІ-АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА» атты мақалалар жинағы жарық көрді.
Жамбыл облысы мемлекеттік архиві мекемесі кезекті жоспарлы жинағын шығарды. Жинақ “ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІ – АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА” деп аталады.
мұнда республикалық, облыстық басылым беттерінде облыстық архив тарапынан жарияланған таңдаулы мақалалары енгізілген. Әулиеата өңірінің әр жылдардағы түрлі тарихы баяндалған шығармалар құнды құжаттардан алынып, жазушының ой елегінен өткен.
Жинаққа әрісі Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек, ақ патша әскерінің Әулиеата өңірін империя құрамына қосуы, сұрапыл соғыста ерен еңбегімен еленгендер, Кеңес Одағының батыры атағын алғандар мен Сталиндік солақай саясаты кезінде ашаршылыққа ұрынған Әулиеата өңірі мен қуғын-сүргінге ұшырағандар жөнінде мәліметтерге қанық боласыздар.
           



ОБЛЫСТЫҚ АРХИВ ҚОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЕВТЫҢ ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ.

ОБЛЫСТЫҚ АРХИВ ҚОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЕВТЫҢ ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласының және Талас ауданың Құрметті азаматы,«Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры Көсемәлі Сәттібаевтың жеке тектік құжаттары Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қорын толықтыра түсті.
Көсемәлі Сәттібайұлы 1959 жылы 3 ақпанда Талас ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, елімізге танымал жазушы, журналист.
1985 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1976 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты А.А. Жданов атындағы кеңшарда құрылысшы болып бастаған. 1979-1981 жылдары КСРО-ның Моңғол еліндегі әскери қызметінде болған. 1981 – 1986 жылдары Талас ауданындағы «Ленин жолы» («Талас тынысы») газетінде тілші, 1986 – 1991 жылдары облыстық «Еңбек туы» («Ақ жол») газетінде тілші, 1991 –1993 жылдары Жамбыл облыстық телерадио тарату компаниясында редактор, аға редактор болды. 1993-1994 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі, 1994 – 1997 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің осы облыстағы тілшісі, 1998 жылы Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетінің баспа-коммерциялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1998-2004 жылға дейін республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі болып еңбек етті. 2004-2014 жылға дейін республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін Жамбыл облыстық “Ақ жол” газеті ЖШС-ның директор-бас редакторы қызметін атқарған. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры
1988 жылы жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы «Елгезек Бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар» атты ертегі-хикаятымен “Жалын” баспасының жабық бәйгесіне қатысып, екінші жүлдеге ие болды. Содан бері қаламгердің әр жылдарда «Шеткері үйдің жарығы» («Мерей», Алматы – 1995), «Бағдаршамның басынан кешкендері» (Салық тәртібі, Тараз – 2000), «Күнге ғашық өлкеде» («Сенім», Тараз – 2001), “Сайқымазақ дүние”(«Сенім», Тараз – 2007), “Шарбақтының жалғызы” («Ұмай», Алматы-2007), «Жаралы жапырақтар» («Сенім», Тараз – 2009), “Аран” («ҚазАқпарат», Алматы – 2012), “Хауа Ананың көз жасы”(«ҚазАқпарат», Алматы – 2014) атты көркем және публицистикалық кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ, «Бастау» («Жалын», Алматы – 2014 ), “Кәусәр бұлақ” («Баянжүрек», Алматы – 2008, 2009), «Ең керемет дәм» («Ол-Жас», Алматы – 2008) және басқа да ұжымдық жинақтарға әңгімелері, ертегілері, хикаяттары мен эсселері енген.
Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы мен «Jer-Su» корпорациясы бірлесіп өткізген балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың Халықаралық “Дарабоз” әдеби бәйгесінің екі дүркін жүлдегері (2008 – үшінші орын және 2009 – бірінші орын). Қазақстан Жастар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1994).
2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, 2014 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған. Қазақстан Жазушылар одағының 2017 жылғы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Сонымен қатар, “Ерен еңбегі үшін” (2009 жыл) медалімен, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен (2009 жыл), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен (2014 жыл), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 жыл), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 жыл), Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» (2008 жыл), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл), «Қазақстан полициясына 20 жыл» (2012 жыл), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» (2014 жыл) мерекелік медалдарымен марапатталған. 2009 жылы Талас ауданының Құрметті азаматы, 2016 жылы Тараз қаласының Құрметті азаматы атағы берілген.
Отбасылы, 2 ұл, 3 қыздың әкесі.
Тізімдемеге Көсемәлі Сәттібайұлының жеке тектік құжаттарын Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне тапсыру туралы өтініші, жеке куәлігі, өмірбаяны, әскери билеті, Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітіргендігі туралы дипломы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағының куәліктері, қолжазбалары, отбасы және қызмет барысындағы фотосуреттері, «Талас ауданының Құрметті азаматы», «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәслихат шешімдері, «Сайқымазақ дүние», «Сумен жазылған өлең», «Хауа Ананың көз жасы», «Шың мен Шынар», «Шамаң келсе, шындықты айт», «Тәтті ертегі», «Күнге ғашық өлкеде», «Бірлікті іздеген бала немесе Ұлыстың ұлы күні болған оқиға», «Елгезек бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар», «Әппақ шар туралы әуезе» атты кітаптары және т.б құжаттар енгізілді.