ОБЛЫСТЫҚ АРХИВ ҚОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЕВТЫҢ ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ.

ОБЛЫСТЫҚ АРХИВ ҚОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЕВТЫҢ ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласының және Талас ауданың Құрметті азаматы,«Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры Көсемәлі Сәттібаевтың жеке тектік құжаттары Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қорын толықтыра түсті.
Көсемәлі Сәттібайұлы 1959 жылы 3 ақпанда Талас ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, елімізге танымал жазушы, журналист.
1985 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1976 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты А.А. Жданов атындағы кеңшарда құрылысшы болып бастаған. 1979-1981 жылдары КСРО-ның Моңғол еліндегі әскери қызметінде болған. 1981 – 1986 жылдары Талас ауданындағы «Ленин жолы» («Талас тынысы») газетінде тілші, 1986 – 1991 жылдары облыстық «Еңбек туы» («Ақ жол») газетінде тілші, 1991 –1993 жылдары Жамбыл облыстық телерадио тарату компаниясында редактор, аға редактор болды. 1993-1994 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі, 1994 – 1997 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің осы облыстағы тілшісі, 1998 жылы Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетінің баспа-коммерциялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1998-2004 жылға дейін республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі болып еңбек етті. 2004-2014 жылға дейін республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін Жамбыл облыстық “Ақ жол” газеті ЖШС-ның директор-бас редакторы қызметін атқарған. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры
1988 жылы жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы «Елгезек Бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар» атты ертегі-хикаятымен “Жалын” баспасының жабық бәйгесіне қатысып, екінші жүлдеге ие болды. Содан бері қаламгердің әр жылдарда «Шеткері үйдің жарығы» («Мерей», Алматы – 1995), «Бағдаршамның басынан кешкендері» (Салық тәртібі, Тараз – 2000), «Күнге ғашық өлкеде» («Сенім», Тараз – 2001), “Сайқымазақ дүние”(«Сенім», Тараз – 2007), “Шарбақтының жалғызы” («Ұмай», Алматы-2007), «Жаралы жапырақтар» («Сенім», Тараз – 2009), “Аран” («ҚазАқпарат», Алматы – 2012), “Хауа Ананың көз жасы”(«ҚазАқпарат», Алматы – 2014) атты көркем және публицистикалық кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ, «Бастау» («Жалын», Алматы – 2014 ), “Кәусәр бұлақ” («Баянжүрек», Алматы – 2008, 2009), «Ең керемет дәм» («Ол-Жас», Алматы – 2008) және басқа да ұжымдық жинақтарға әңгімелері, ертегілері, хикаяттары мен эсселері енген.
Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы мен «Jer-Su» корпорациясы бірлесіп өткізген балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың Халықаралық “Дарабоз” әдеби бәйгесінің екі дүркін жүлдегері (2008 – үшінші орын және 2009 – бірінші орын). Қазақстан Жастар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1994).
2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, 2014 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған. Қазақстан Жазушылар одағының 2017 жылғы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Сонымен қатар, “Ерен еңбегі үшін” (2009 жыл) медалімен, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен (2009 жыл), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен (2014 жыл), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 жыл), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 жыл), Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» (2008 жыл), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл), «Қазақстан полициясына 20 жыл» (2012 жыл), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» (2014 жыл) мерекелік медалдарымен марапатталған. 2009 жылы Талас ауданының Құрметті азаматы, 2016 жылы Тараз қаласының Құрметті азаматы атағы берілген.
Отбасылы, 2 ұл, 3 қыздың әкесі.
Тізімдемеге Көсемәлі Сәттібайұлының жеке тектік құжаттарын Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне тапсыру туралы өтініші, жеке куәлігі, өмірбаяны, әскери билеті, Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітіргендігі туралы дипломы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағының куәліктері, қолжазбалары, отбасы және қызмет барысындағы фотосуреттері, «Талас ауданының Құрметті азаматы», «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәслихат шешімдері, «Сайқымазақ дүние», «Сумен жазылған өлең», «Хауа Ананың көз жасы», «Шың мен Шынар», «Шамаң келсе, шындықты айт», «Тәтті ертегі», «Күнге ғашық өлкеде», «Бірлікті іздеген бала немесе Ұлыстың ұлы күні болған оқиға», «Елгезек бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар», «Әппақ шар туралы әуезе» атты кітаптары және т.б құжаттар енгізілді.



КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің көрме залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Конституция – тәуелсіздіктің тірегі, бейбітшіліктің нышаны» тақырыбында стенд-көрме әзірленді. Мұнда Қазақстан Республикасының Конституциясынан үзінділер, Конституция туралы деректер, қазақ даласының Ата заңы туралы ақпарат берілді. Көрме архивке келушілер мен архив қызметкерлерінің назарына ұсынылды.
Біздің республикамыздағы Конституциялық реформа Қазақстанның жаңа Конституциясына бүкіл халық дауыс берген 1995 жылғы 30 тамыздан бастау алады. Міне, сол мерзімнен бері ширек ғасыр уақыт өтті. Осы уақыт аралығында қабылданған Конституция мемлекетіміздің іргетасына айналып, оның дамуына ықпал етті.
Мерекелік айтулы күнге орай облыстық архивте жыл сайын Ата Заңымызға қатысты көрмелер тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Осы жолы да салттан жаңылмай шағын бұрыш орнаттық. «Конституция – тәуелсіздіктің тірегі, бейбітшіліктің нышаны» деп аталатын көрмемізде Тәуелсіздіктің нығаюына, Ата Заңымыздың елімізде салтанат құруына өзіндік таңбасын қалдырып, өлшеусіз үлес қосқан Елбасының, Президент Қ.Тоқаевтың суреттері қойылған. Тәуелсіздікке дейіңгі 1926,1937, 1993,1995 жылғы Конституция тарихы мен Заңның 9 бөлімі туралы жазылып қойылған.



Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

🔰Егер сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе:
◾️Мерзім бұзылса
◾️Артық құжаттар талап етілсе
◾️Негізсіз бас тартылса
◾️Бюрократия мен сөзбұйда пайда болса
◾️Нәтижесімен келіспесеңіз ◻️Сіз бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру үшін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне
☎️+ 7 (7262) 43 88 08,
☎️+ 7 (7262) 43 88 49 телефон нөмірі немесе QR код арқылы жүгіне аласыз.
🔰Если вам некачественно оказали госуслугу:
▪️Нарушен срок
▪️Истребовали излишние документы
▪️Необоснованно отказали
▪️Создано бюрократия и волокита при оказании госуслуг
▪️Не согласны результатом
◽️Вы можете обратиться в территориальный Департамент Агенства республики Казахстан по делам государственной службы по Жамбылской области для восстановления нарушенных прав, свобод, и законных интересов по номеру телефона:
☎️+ 7 (7262) 43 88 08
☎️+ 7 (7262) 43 88 49 либо по QR коду.



АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ АРХИВТЕ.

АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ АРХИВТЕ
          Архивтер арасындағы өзара байланысты нығайту, іс-тәжірбие алмасу бағытында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры міндетін атқарушы А.И.Тыныбекова, бас есепші М.Жақашбаева және Байзақ ауданының мемлекеттік архивінің инженер-бағдарламашысы Нұр-Сұлтан қаласында іс-сапарда болды.
Іс-сапар барысында Ұлттық архивтің қойма қорымен, “Құжаттардың бірыңғай электронды архиві” ақпараттық жүйесінің жұмыс барысымен, құжаттарды сканерлеу бағыттары бойынша жұмыстармен танысып, өзара тәжірбие алмасты.



ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС АРХИВИСТЕРІНІҢ V ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС АРХИВИСТЕРІНІҢ V ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ
           Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен ынтымақтастықта жыл сайын ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған жазғы мектеп өткізеді. ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған дәстүрлі жазғы мектеп биыл 15-17 маусым аралығында бейнеконференция (онлайн) және оффлайн форматында өткізілуде.
Жас архивистер форумының алғашқы күні бойынша – Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанан қатысушылар бейнеконференцияға қатынады. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері де бұл форумға қатысып, ауқымды ақпараттан хабардар болды.
Форумда архив саласы бойынша өзекті деген мәселелер тілге тиек болды.
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС АРХИВИСТЕРІНІҢ V ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.
           Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бастамасымен қолға алынған жыл сайынғы ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған жазғы мектеп өз мәресіне жетті. Жас архивистердің білімділігі мен біліктілігін арттыртуға бағытталған дәстүрлі жазғы мектепке Жамбыл облысы мемлекеттік архивнің қызметкерлері онлайн форматта қатысқан болатын. Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертифат табыс етіліп, облыстық архивтің қызметкерлері де ие болды.



РЕФЕРЕНДУМ – ӨЗГЕРІСКЕ БІР ҚАДАМ!

РЕФЕРЕНДУМ – ӨЗГЕРІСКЕ БІР ҚАДАМ
        Қазақстанның жарқын болашағы үшін, елдің ертеңін ойлап, Жаңа Қазақстанды жасампаздығы үшін жасалынған саяси науқанға Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан – жаңартылған Конституция 2022: өзгерістердің айқын 10 көрінісі» туралы республикалық референдумын бірауыздан қолдап, өз таңдауларын жасап, референдумға қатысты.
   



Әдістемелік көмек көрсетілді.

  Әдістемелік көмек көрсетілді.
             Мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Садыхан облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығы» ЖШС-не, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МКК-на, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-не, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернаты» КММ-не, Жамбыл облысы әкімідігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-не, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық кино орталығы» КМҚК-на, “Халықаралық Тараз инновациялық институты” мекемесіне ағымдағы жылдың 01-03 маусым аралығында іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.