МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ОНЛАЙН ЖӘРМЕҢКЕ

         ҚР Мемлекеттік істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 20 сәуір күні сағат 16.00-де Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаның тікелей эфирінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шарада Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттар берілді.
Жәрмеңкеде қызмет берушілер тікелей эфирде көрермендердің қойған сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс орнатылды.
#елге_қызмет_02
#елгеқызметжәрмеңке



“ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН: ТАРИХ ЖӘНЕ ТЫҢ КӨЗҚАРАС”

           М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде осы тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
Онлайн режімінде өтіп жатқан конференцияда алғашқы баяндаманы тарих ғылымдарының докторы, белгілі профессор Хангелді Әбжанов жасады. Әбекеңнің:
-Қуғын-сүргін құрбандарын нақты ақтауды қолға алудың орнына, ғылыми зерттеумен шұңылданып кеттік, – деген сөзі конференцияға қатысушылардың ойынан шықты.
Конференцияда сондай-ақ Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің белгілі тарихшылары да баяндама жасайды.
Сондай-ақ, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, осы конференцияны өткізуді ұйымдастырған Сейдахан Бақтыоразов “Қазақстанның Оңтүстік өңірінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін : тағдырлар қасіреті” деген тақырыпта баяндама жасамақ.




Түсіндірме бейне-роликтері

«Integrity check» институты және мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен олардың кірістерімен сәйкестігін тексеру бастамалары бойынша түсіндірме бейне-роликтері




«Antikor оrtalyǵy»-ның офлайн жұмыс істеу форматына көшкенін хабардар ету мақсатындағы ақпараттық-имидждік бейнеролигі

 




ҚИЫНШЫЛЫҚҚА МОЙЫМАҒАН АНАЛАР

          Отбасына түскен ауыртпалық әрқашанда аналарға ерекше ауыр. Ұлы Отан соғысы біздің аналарымыздың қайтпас қайсарлығын тағы да паш етті. Жалпы қазақ қыз-келіншектерінің қайсарлығы туралы аңыз да, әңгіме де, тарихтан бағзы заманнан белгілі. Қанға сіңген қасиетті дарыта отырып, қазақ қыз-келіншектері майданда да, тылда да ерліктің өнегесін көрсетті. Тылдағы олардың еңбегі шын мәнінде өлшеусіз. Сондықтан да болса керек облыстық партия комитетінде әйелдер бөлімі ашылаған. Бұл бөлім қыз-келіншектердің еңбек, саяси белсенділіктерін
арттыруға ерекше назар аударды. 1943 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық партия комитеті хатшысының әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі орынбасары Исмагилованың облыстық партия комитетіне жолдаған есебінде мынандай деректер келтіреді. Ауылдарда 123668 әйел тұратын болса, оның 88845 колхозда еңбек етіпті. Әйелдер ауылда тұратын халықтың 54,4 пайызын құраған. Халық шаруашылығының барлық салаларында әйелдердің жұмысқа араласуы көбейген. Тек машина-трактор станцияларында еңбек ететіндер бір жарым есеге өсті. Барлық жұмысшылардың 42,2 пайызы әйелдер болды.
Әйелдерді мемлекеттік жұмыстарға тарту бұрынғы жылдармен салыстырғанда өсті. Барлық аудандық партия комитеттерін де, аудандық советі атқару комитеттерін де, жергілікті советтер де жұмыс істейтін әйел саны артты. Әсіресе олардың еңбек белсенділігі көтерілді. Тек қана Жамбыл қаласында 4100 стахановшы еңбек етті. Көктерек ауданының «Жаңа-Тілек» колхозында еңбек ететін майдангердің жары Баубекова әр 100 саулықтан 150-ден қозы алып, 115 ешкіден 196 лақ өрдірді. Осы ауданның «Коминтерн» колхозының бақташысы 85 сиырдан 85 бұзау алды. Мұндай жылы лебізді Свердлов ауданының ферма меңгерушісі Зиягүл Тойлыбаеваға, Ленин атындағы колхоздың шопаны Ұлбала Сүгіроваға, «Трудовой Пахарь» колхозының шошқа өсірушісі Вера Янковскаяға, «Красный Звезда» колхозының қызылша өсірушілері Сындыбала Оңғарбаева мен Дариға Жантоқоваға, Мәрзия Ибрагимоваға тағы да басқа көптеген әйелдердің атына білдіруге болады. Шулық Рахима Тазабекова, таластық Науат Егембердиева, луговойлық Теңгебала Көшекова, сарысулық Аманқұлова, жамбылдық Оразаева, билікөлдік Малыбаева, жамбылдық Степанова мен Шаплинаға, жуалылық Ділдаш Байғұтова өздеріне жүктелген міндеттердің бәрін абыроймен орындап, жоғары табыстарға қол жеткізді.
Еңбек озаттарын мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға тарту жақсара түсті. Мәселен облыстағы 121 селолық советтің 41-нің төрағасы әйел, олардың 36-сы қазақ болды. 349 колхоздың 28-ін әйелдер басқарады. 911 егін бригадаларының 235-не әйелдер жетекшілік ететін болса, оның 190-ы қазақ әйелі болғаны жазылған. Сол сияқты 1004 ферма меңгерушісінің 283 әйел, оның басым көпшілігін қазақ қыз-келіншектері басқарды. Луговой ауданындағы қазақ қызы Өмірзақова басқаратын «Көкарық» колхозы жоғары көрсеткішке жетіп, 1943 жылдың қорытындысы бойынша облыстық Құрмет тақтасына жазылды.
Негізі: Жамбыл облысы мемлекеттік архиві, «Мәңгілік ерлік», «Солдат жары» кітаптарынан;
#архивтегітарих



Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру




“Алдыңғы толқын ағалардың жақсылығын көп көрдім” атты мақаласы жария етілді

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 04.04.2022 жылғы №39 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті, жазушы Әділбек Баққараұлының “Алдыңғы толқын ағалардың жақсылығын көп көрдім” атты мақаласы жария етілді.