“ЖЫЛ ШЕЖІРЕСІ: 2023” атты жылнамалық-шежіре жарық көрді.

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік тыныс-тіршілігі туралы жылнама-шежіресін жазуды жалғастыруда. 2012 жылдын бастап әр жылдың шежіресі жеке кітап болып шығып келеді. Енді міне, жақсы істің жалғасы ретінде «Жыл шежіресі: 2023» атты кітапшаны қалың оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әр жылдың ерекше оқиғасы, жақсы жаңалығы мен айтулы күндері болады. 2023 жылда да ел есінде қалған оқиғалар мен жаңалықтарға толы болды. Кітапта айтылатын оқиғалар қысқа әрі нақты берілген.
Деректер мен дәйектер тарихшыларға, деректанушыларға, ғалымдар мен студенттерге, өлкетанушыларға, жылнамашыларға пайдалы дерек көзі болатындығы анық.
#архив2025



⚜️ “ЛУГОВОЙ ЕҢ ІРІ АСТЫҚТЫ АУДАНҒА АЙНАЛҒАН ЕДІ” атты мақала жарық көрді.

🔱 Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің архивисті Ә.Баққараұлының “Луговой ең ірі астық ауданға айналған еді” атты мақаласы Жамбыл облыстық “Арай” газетінің №54 санына жарық көрді.
Мақалада қазіргі Т.Рысқұлов ауданы сол кездегі Луговой ауданының архивтік құжаттарға негізделген тарихы баяндалған.
#архив2025



“АНАЛАР КҮНІ” МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУ

2024 жылы 12 мамырда “Аналар күні” Қазақстанда алғаш рет аталып өтіледі.
📍 Ананың жасампаз қызметін арттыру, бақытты бала тәрбиелеу мен оны қолдауға бағытталған мереке аясында мекеме директоры қызметкерлерді құттықтап, ұжымға ізгі тілектерін білдірді.



23-наурыз – ТАЗАРУ КҮНІ

Оныншы күн ұлттық экологиялық науқанға арналған. “Тазару” күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.
Возможно, это изображение 3 человека и текст



22-наурыз – ЖЫЛ БАСЫ




21-наурыз – ЫНТЫМАҚ КҮНІ

Бұл күн өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың қазіргі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуден тұрады. Бұл ел үшін маңызды тарихи оқиғалар мен ұлттың жетістіктерін еске алу уақыты, сонымен қатар елдегі әртүрлі топтар мен қоғамдық топтарды біріктірудің маңыздылығын білдіреді.
Возможно, это изображение 5 человек и текст



20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Бұл күні барлық өңірлерде ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар мен турнирлер өткізіледі.
⚜️ Ат жарыстарын (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу) және құсбегілік жарыстарын, сондай-ақ түрлі турнирлерді (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту) өткізу қазақстандықтардың жалпыға ортақ мерекені сезініп, төл дәстүрлерімізді жаңғыртуға мүмкіндік береді.
⚜️ Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес. Онда көшпелі тұрмыстың рухы бар, Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналатын.
Возможно, это изображение 5 человек и текст «20 Haypbl3 POEMEREE BOSS yлTTblK cnopT KYHI WWH zhambyl_muragat»