19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ.

Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.
⚜️ Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.
⚜️ «Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.
#madeniet08



8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «АЯУЛЫ АСЫЛ ЖАНДАР» тақырыбында құжаттар негізінде видео-көрме #madeniet08

#madeniet08

 




8-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЖЫМ АРАСЫНДА ҚҰТТЫҚТАУ.

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Облыстық мемлекеттік архивінің жігіттер қауымы мекеменің барша нәзік жанды әйелдер қауымын құттықтады. Сонымен қатар ұжымдағы көп балалы ана (7 бала) Курбанова Макбал Темиржанқызын мекеме директоры Л.Кожаханова ұжым мүшелерімен құттықтады.



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің есепшісі Оспанова Райхан Имашовна архив саласына әлеуметтік-экономикалық үлес қосқаны үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Е.Жүнісбай табыстады.



Алғыс айту күніне арналған ҚР МАМ бастамасымен «Арайлы Атамекенім» атты челленджді қабылдадық!

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Осы сәттен бастап еліміздің қоғамдық саяси өмірінде 1 наурыз – Алғыс айту күні ретінде мереке болып енді.
Алғыс айту күні, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Мерекеміз мерейлі болсын, баршаңызды осы мейрам күнімен құттықтаймын!
♦️ Құрметпен, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Кожаханова Лаззат Серікбекқызы.
#АрайлыАтамекенім



Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті Ә.Баққараұлының «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты архив құжаттарына негізделген мақаласы облыстық «AQ-JOL» газетінің №17 (19433) (10.02.2024 ж) санында жарық көрді.




“АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ” ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

Архив саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, бүгінде ардагерлер қатарына қосылған Башенова Қалдыкүл Икрамханқызы “Архив саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
Туған күнімен тұспа-тұс келген төсбелгі иегеріне ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, айналаңыз қуаныш пен шаттыққа тола берсін демекпіз!!! Марапатыңыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен: Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы