ЕЛ СЫЙЛАҒАН ЕР

Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына – 112 жыл.
Қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматы Д.Қонаевтың ел аузында жүрген дана сөздері:
1. Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
2. Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.
3. Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
4. Панам да – ел, данам да – ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
5. Жалада шындық болмайды
6. Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.
7. Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте 8. Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды.
9. Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.
10. Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.



“ЖЫЛ ШЕЖІРЕСІ – 2021” атты жылнамалық-шежіре жарық көрді.

📌Жылнама шежіреде өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік, мәдени тыныс-тіршілігінен қысқаша хабар беретін “Жыл шежіресі: 2021» атты кітапшаны қалың оқырман назарына ұсынып отырмыз.
📌Әр жылдың ерекше оқиғасы, жақсы жаңалығы мен айтулы күндері болады. 2021 жылда да ел есінде қалған оқиғалар мен жаңалықтарға толы болды. Кітапта айтылатын оқиғалар қысқа әрі нақты берілген.




ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТЕ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ

📌Құжаттарды сақтап, оларды келешек ұрпаққа жеткізуші киелі қара шаңырақ саналатын Жамбыл облысы мемлекеттік архивіне Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Архив және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Бораш Қуат Қаһарманұлы арнайы ат басын бұрып, архившілердің тыныс-тіршілігімен танысты.
📌Комитет төрағасына алдымен облыстық архив туралы жалпы ақпарат беріліп, атқарылып жатқан жұмыстар баян етілді.
📌Саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты тәркілеу, ашаршылық, ұжымдастыру науқандарына қатысты құжаттар, мекеме қызметкерлері шығарған кітаптар, құжаттарды сканерден өткізу мен “Құжаттардың бірыңғай электронды архиві” ақпараттық жүйесіінің жұмыстары көрсетілді.



САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТҚАН “ХАЛЫҚ ЖАДЫ” ЖӘНЕ “ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНДА” АТТЫ ҚОС ЖИНАҚ КІШІ ЖҰМЫСШЫ ТОП МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ




ОБЛЫСТЫҚ АРХИВКЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР КЕЛДІ

        Қожаханова Лаззат Серікбекқызы Жамбыл облысы мемлекеттік архивіне директор қызметіне тағайындалды . Облыстық архив ұжымына облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.



Наурыз – жаңарудың, жаңғырудың мерекесі!

        Міне, көктемнің ең шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Тіршілік атаулының оянып, табиғаттың жандана бастаған сәті. Күн мен түннің теңесіп жыл басы болып саналатын Ұлыстың ұлы күні ертеден тойланып, ата-бабамыздан қалған мереке болып табылады. Әр үйге жаңа үміт пен қуаныш сыйлаған бұл мерекенің қазақстандықтар үшін орны ерекше.
       Наурыз мерекесі – береке мен шаттықтың бастауы болып табылады. Наурыз көптеген түркі халықтарының ұлық мейрамы, жыл басы.
       Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Біздің елімізде дана және салиқалы мемлекеттік саясаттың арқасында халықтар арасындағы бейбітшілік, достық пен өзара түсіністік орнады. Бұл тамаша көктем мерекесі достық, өзара құрмет пен түсіністіктіктің символына айналғандай. «Жаңа Күн» деген мағынаны білдіретін бұл мейрам, өмірлеріңізге жаңа бақыт пен денсаулық, күш пен тыныс, жаңа мүмкіндіктер сыйлай берсін. Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!




Архив қызметкерлері сайлауда белсенді