ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

       «22 желтоқсан – Архившілер күні» мерекесіне орай өңіріміздегі архив саласының майталмандары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұсынған арнайы грамотамен марапатталған болатын. Жамбыл облысы мемлекеттік архивінен дәл осы грамотаға елімізге адал қызмет етіп, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Атышева Дарига Кадырхановна және Кулибаева Гаухар Ынтымаковна ие болды.
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын.



22 желтоқсан – елімізде архив күні

       Жалпы архив ежелден пайда болған. Оған баз-бір мемлекеттерде бар адамзат игілігіне айналған көне де құнды жазба дүниелері десек жарасады. Тарихта өткен дәуірлерге жүгіну үшін тарихи көне жәдігерлер баршылық. Қазақ даласында да бай кітапханалар болған. Олар шапқыншылық кезінде талан-таражға ұшырап, немесе қираған сарайлар астында қалған. Оған Тараз, Отырар, Сауран т.б. шаһарлардың бастан кешкен аянышты тағдырлары куә.
       Өркениетке ілескен Қазақстанда архив саласы даму үстінде. Мемлекет тарапынан көңіл бөлініп отыр. Онда халқымыздың тарихына байланысты, әр дәуірдегі баға жетпес құнды құжаттар баршылық . Тәуелсіз Қазақстанның жасампаз тарихи сәттері де архив төрінен орын алуда.
Архив күні құтты болсын, құрметті әріптестер!!!



Тәуелсіздік – баға жетпес байлық

Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау сөзінен..



МӘДЕНИЕТ ҚҰРАМАСЫ АЛА ДОП АЛАМАНЫНДА АЛДЫҢҒЫЛАР ҚАТАРЫНДА

        Әуесқой командалар арасындағы шағын футболдан «Аmanat CUP» жастар турнирі өтті. Ала доп аламанында «Мәдениет» құрамасы II орынды иеленді.
        Турнир барысындағы белсенділігі мен ептілігі үшін Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Саят Қойшыманов «Үздік ойыншы» атанды.
Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
 



«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНДА» АТТЫ ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

       Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Жамбыл облыстық комиссиясының кіші жұмысшы топ құрамының атқарған жұмыстары жөнінде «Жамбыл облысы қуғын-сүргін жылдарында» атты жинақтың бірінші томы жарық көрді.
       Бұл кітапқа 1930-1950 жылдары жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың есімдері, оның ішінде ұжымдастыру, тәркілеу, ашаршылық, әскери тұтқындар туралы ақпараттар, мақалалар, баяндамалар енгізілген.
Жинақта Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қорынан алынған құжаттар мен қатар, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия мүшелерінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы қысқаша ақпараты қамтылған.
Кітап тарихшыларға, ғалымдар мен студенттерге, өлкемізді зерттеушілерге пайдалы болатыны сөзсіз.



Динара Жайшыбекова «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫН» алды

        Елімізде Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына елеулі үлес қосқан азаматтар арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жамбыл облысы бойынша өңіріміздегі сайлау науқанында белсенділік танытқаны үшін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫН» облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов өз қолымен табыстаған болатын.
       Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызы және облыстық мемлекеттік архивтің Архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Динара Әмірханқызы Жайшыбекова аталмыш алғыс хатпен марапатталды.
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын.
 



Мекеме қызметкерлері ел болашағы үшін сайлауға барып, дауыс берді