ДИМЕКЕҢ ТАРАЗДЫ ТАЛАЙ АРАЛАҒАН…

Қазақ халқының біртуар перзенті, жарты ғасыр ел басқарған Димаш Ахметұлы Қонаевтың 12-қаңтарда туған күні. Облыс орталығындағы өзінің атындағы көшеге кеуде мүсіні орнатылған, газет беттерінде де ол туралы талай тағылымды мақалалар жарық көріп жатыр. Димаш Ахметұлының кешегі Жамбыл, бүгінгі Тараз қаласына талай келіп, аралағаны, бірқатар құрылыстардың салынуына өзі ұйытқы болғаны да рас.
Х.Ш.Бектұрғанов басшы болып тұрғанда Димекең Жамбылға келіп, Орталық стадионға, Комсомол көліне, гидроинституттың спорт кешеніне, Жаңа Жамбыл Фосфор зауытына бастап апарған екен.

Суретте: Қазақстан Орталық Партия комитетінің 1-хатшысы Д.А.Қонаев Жамбыл қаласындағы химия саласында алғаш Социалистік Еңбек Ері атанған қазақ – Сартай Есімхановпен және Облыстық партия комитетінің 1-хатшысы Х.Ш.Бектұрғанов.