Динара Әмірханқызы Алғыс хатпен марапатталды

Сұраныстарды орындау бөлімінің басшысы Динара Әмірханқызы Алғыс хатпен марапатталды

Ұлыстың Ұлы күніндегі мәдени іс-шаралардан біздің архив қызметкерлері де шет қалмады. Жан-жақты қолдау көрсетіп, көмегін аямады. Себебі бұл мереке баршамызға ортақ екені белгілі. Атқарған істерді елеусіз қалмайды. Мерекеде белсенді атсалысқаны үшін Басқарма басшысы қолынан Сұраныстарды орындау бөлімінің басшысы Динара Әмірханқызы Алғыс хатпен марапатталды. Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы да Д.Әмірханқызына деніне саулық, отбасына береке, еңбегіне табыс тілей отырып, шын жүректен құттықтаймыз.