«Діни экстремизм мен терроризм-әлемге төнген қауіп» атты дөңгелек үстел
15.09.2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы» ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Ерзат Жасқанбайұлы Жақыпов жетекшілігімен «Діни экстремизм мен терроризм-ғасыр індеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризмнің адамзат қоғамына шынайы қауіпі, олардың XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелердің бірі екендігі тілге тиек етілді. Сонымен қатар, еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы туралы айтылды. Аталмыш тақырыпта жиын барысында бейнеролик көрсетілді. Архив қызметкерлері әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.